Индер ауданы әкімиятының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібін атқару туралы» № 287 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қолданыста
Басқа 0
Индер ауданы әкімиятының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібін атқару туралы» №287 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағы 3,13,14 тармақшаларын басшылыққа ала отырып аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібін атқару туралы» Индер ауданы әкімиятының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы №287 қаулысына (мемлекеттік тіркеу №4-6-63 «Дендер» №3 (7634) газетінде 2008 жылғы 18 қаңтарында жарияланған) төмендегідей толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген қоғамдық жұмыстың нақты тармақтарында 15-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацымен толықтырылсын:
«Есептен шығарылған жұмыссыздар есептен шыққан күннен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң ғана уәкілетті органда қайтадан тіркеле алады. Қайтадан тіркелген күннен бастап үш ай өткеннен кейін ғана қоғамдық жұмыстарға қайтадан жіберілуі мүмкін».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Д.Меңдігереевке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.