Индер ауданы әкімиятының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібін атқару туралы» № 287 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қолданыста
Басқа 0
Индер ауданы әкімиятының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібін атқару туралы» № 287 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағы 3,13,14 тармақшаларын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы №213 «нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28 бабына сәйкес аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің аудандық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібін атқару туралы» Индер ауданы әкімиятының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы №287 қаулысына (мемлекеттік тіркеу №4-6-63 «Дендер» №3 (7634) газетінде 2008 жылдың 18 қаңтарында жарияланған, «Индер ауданы әкімиятының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қабылдандыру тәртібін атқару туралы» №287 қаулысына толықтыру енгізу туралы» аудан әкімиятының 2008 жылғы 26 ақпандағы №51 қаулымен толықтыру енгізілген мемлекеттік тіркеу №4-6-67 «Дендер» №15 (7646) газетінде 2008 жылдың 11 сәуірінде жарияланған) төмендегідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген қоғамдық жұмыстың нақты санаттарының 14-тармағындағы «азамат есепке алынбайды және» деген сөздер алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Д.Меңдігереевке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.