Аудандық Мәслихатың 2007 жылғы 23 мамырдағы кезекті XXXII сессиясының «Ауданда аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй және коммуналдық қызметтер үшін тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі жөніндеғі Ережені бекіту туралы» №265 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Қазақстан Республикасындағы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазакстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15 тармақшасына және «Нормативтік қүқыктық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Аудандық Мәслихаттың 2007 жылғы 23 мамырдағы кезекті XXXII сессиясының «Ауданда аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй және коммуналдық қызметтер үшін тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі жөніндеғі Ережені бекіту туралы» №265 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. от 25.12.2007 г. № 31 (Аудандық Мәслихаттың 2007 жылғы 23 мамырдағы кезекті XXXII сессиясының «Ауданда аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй және коммуналдық қызметтер үшін тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі жөніндеғі Ережені бекіту туралы» №265 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.)
1. Аудандық Мәслихаттың 2007 жылғы 23 мамырдағы кезекті XXXII сессиясының «Ауданда аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй және коммуналдық қызметтер үшін тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы» (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 12 маусымда №10-4-65 нөмірімен тіркелген, «Тұран Қазалы» басылымының 2007 жылғы 4 шілдедегі №53 санында жарияланған) №265 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
аталған шешімнің қосымшасымен бекітілген «Ауданда аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй және коммуналдық қызметтер үшін тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі жөніндегі Ережеге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
ереженің кіріспесіндегі «облыстық Мәслихаттың 2002 жылғы 21 қыркүйектегі XV сессиясының №114 шешімімен бекітілген «Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегін беру» Ережесін деген сөздер «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы Заңдарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тараудың 2 тармағындағы «Тұрғын үй көмегі халықтың аз қамтамасыз етілген жігіне тұрғын үй коммуналдық қызметтерді тұтыну, тұрғын үйді жалға алу жөніндегі шығындардың орнын толтыру үшін берілетін өтемақы» деген сөздер «Тұрғын үй көмегі халықтың аз қамтамасыз етілген жігіне тұрғын үйді үстауға және коммуналдық қызметтін ақысын төлеу үшін берілетін өтемақы» деген еөздермен ауыстырылсын;
1-тараудың 3 тармағындағы «Тұрғын үйді күтіп ұстауға және тұтынған коммуналдық қызметтер телеміне шыққан шығындар шегіндегі үлесі 20 пайыз мөлшерінде» деген сөздер «Тұрғын үйді күтіп үстауға және тұтынған коммуналдық қызметтер төлеміне шыққан шығындар шегіндегі үлесі 15 пайыз мөлшерінде» деген сөздермен ауыстырылсын:
5-тараудың 14 тармағы мына мәтіндегі 7 тармакшамен толықтырылсын: «Жұмыссыздардың уәкілетті органға жұмыссыз ретінде тіркелгендігі жөніндегі анықтамасы».
8-тараудың 23 тармағының 10 тармақшасындағы «Қатты отын (көмір) пайдалану әр отбасына от жағатын қысқы мезгілде айына 0,5 тоннадан» деген сөздер «Қатты отын (көмірі пайдалану әрбір отбасына от жағатын қысқы мезгілде үш адамға дейінгі мүшесі бар отбасыларына 1 айға 0.5 тоннадан, үш адамға және одан да көп мүшелері бар отбасыларына 1 айға 1 тоннадан» деген сөздермен ауыстырылсын;
2. Осы Ереженің уақытылы тағайындалуы және төленуін камтамасыз ету «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінен сұралсын.
3. Осы шешім алғашқы жарияланған күннен бастап колданысқа енгізіледі.