Құжат мәтініне өту

Науырзым аудандық мәслихатының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 16 «Науырзым ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімін жүзеге асыру туралы

Қаулы · № 51 · қабылданған 22.02.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.02.2008 редакциясы
https://adilet.kz/laws/2007-24-no-16-2008/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Науырзым аудандық мәслихатының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 16 «Науырзым ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімін жүзеге асыру туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 51 ·22.02.2008
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Науырзым аудандық мәслихатының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 16 «Науырзым ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімін жүзеге асыру туралы

ҚАЗНауырзым аудандық мәслихатының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 16 «Науырзым ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімін жүзеге асыру туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 51 · қабылданған 22.02.2008

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Науырзым аудандық мәслихатының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 16 «Науырзым ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімін жүзеге асыру туралы
Атауы (қаз.)
Науырзым аудандық мәслихатының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 16 «Науырзым ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімін жүзеге асыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
51
Қабылданған күні
22.02.2008
Көрсетілген редакция
22.02.2008 · қолданыстағы 38553_350628.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
22.02.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08NP000067
ЭКБ идентификаторы
38553
Редакция идентификаторы
38553_350628
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:57

0 Науырзым аудандық мәслихатының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 16 «Науырзым ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімін жүзеге асыру туралы

Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 64-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы» Заңның 31-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына, Науырзым аудандық мәслихатының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 16 «Науырзым ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы», мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-16-60, шешіміне сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек» 451007000 бюджеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жергілікті бюджеттен мынадай әлеуметтік төлемдер белгіленсін:

1 1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 500 (Бес жүз) теңге мөлшерінде ай сайын материалдық көмек;

2 2) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, бала кезінен мүгедектерге Мүгедектер күніне 1000 (Бір мың) теңге мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек;

3 3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілгендерге Жеңіс күніне 5000 (Бес мың) теңге мөлшерінде материалдық көмек;

4 4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне туған күніне орай 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде материалдық көмек;

5 5) 18 жасқа дейінғі мүгедек балаларды компьютерлік томографта тексеруге байланысты шығындарды өтеуге әлеуметтік көмек;

6 6) бірінші және екінші топтағы көру кемістігі бойынша мүгедектерге тиісті жылдың республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек;

7 7) қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды жерлеу үшін тиісті жылдың республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он есе мөлшерінде әлеуметтік көмек;

8 8) жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органда есепте тұрған жұмыссыз азаматтарды жерлеу үшін тиісті жылдың республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он есе мөлшерінде әлеуметтік көмек;

9 9) туберкулезбен ауыратындарға амбулаториялық емдеу кезінде косымша тамақтануға тиісті жылдың республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес есе мөлшерінде бір жолғы жыл сайынғы әлеуметтік көмек;

10

10) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар; көп балалы отбасылардың балалары ауданның жалпы орта білім беретін мектептерінің түлектеріне Қазақстан Республикасының жоғарғы және арнаулы орта білім беретін оку орындарындағы оқуға төлеу үшін әлеуметтік көмек;

11 11) Ұлы Отан соғысының қатысушыдарына емделу үшін әлеуметтік көмек;

12 12) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге және оларға теңестірілгендерге телефон қызметтері үшін (абоненттік ақы) төлемақы;

13 13) Жеңіс күніне Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге және оларға теңестірілгендерге материалдық көмек 5000 (Бес мың) теңге мөлшерінде;

14 14) Жеңіс күніне қаза тапқан әскерилердің жесірлеріне материалдық көмек 5000 (Бес мың) теңге мөлшерінде;

15 15) Жеңіс күніне қайтыс болған соғыс мүгедектерінің әйелдеріне материалдық көмек 3000 (үш мың) теңге мөлшерінде;

16 16) Жеңіс күніне бейбіт күнде қаза тапқан әскерилердің отбасына материалдық көмек;

17 17) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және қаза тапқан әскери қызметшілердің жесірлеріне тиісті жылдың республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма бес есе мөлшерінде бір рет материалдық көмек;

18 18) «Құрметті донор» белгісімен марапатталған донорларға тиісті жылдың республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік корсеткіштің жиырма есе мөлшерінде әлеуметтік көмек;

19 19) азық-түлік себеті мөлшерінің көбеюіне байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы аз қамтылған азаматтарға тоқсан сайын 1752 теңге мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмек.

2 2. «Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болып ұйғарылсын (бұдан әрі - уәкілетті орган).

3 3. Мыналар, ұйғарылсын:

1 1) әлеуметтік көмекті тағайындау немесе әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тарту жөніндегі шешім құжаттар қабылданған күннен бастап уәкілетті органмен он күн ішінде қабылданады;

2 2) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға компьютерлік томографта тексеруден өтуге байланысты шығындарын өтеуге әлеуметтік көмек тексерілуге төленген соманың мөлшерінде көрсетіледі;

3 3) қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды жерлеу үшін әлеуметтік көмек ата-анасының біреуіне немесе басқа заңды өкілдікке, еңбекке жарамды әкесі (асырап алушы) бала қайтыс болған күнге жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген жағдайда тағайындалады;

4

4) қайтыс болған сәтте жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде ресми тіркелген жұмыссыздарды жерлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындалады. Қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеу үшін әлеуметтік көмек қайтыс болған күнге онымен бірге тұрғаң отбасы мүшелеріне, немесе жерлеуді жүзеге асырған тұлғаларға төленеді;

5 5) қайтыс болған облысқа және ауданға еңбегі сіңген зейнеткерлерді жерлеу үшін әлеуметтік көмек тиісті құжаттарды ұсынған жағдайда, қайтыс болған күнге онымен бірге тұрған отбасы мүшелеріне, немесе жерлеуді жүзеге асырған тұлғаларға төленеді;

6 6) туберкулезбен ауыратындарға қосымша тамактануға әлеуметтік көмек отбасының жан басына шаққандағы табысы белгіленген кедейшілік деңгейінен төмен болған жағдайда белгіленеді;

7 7) оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек жалпы орта білім беретін мектептер түлектеріне жоғары және арнаулы орта оқу орындарындағы оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі аудандық комиссия шешімінің негізінде жүргізіледі;

жоғары және арнаулы орта оқу орындарындағы оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек жылына бір рет оқудың нақты төлем ақысы мөлшерінде жоғары немесе орта кәсіби білімі туралы диплом алғанша көрсетіледі;
уікілетті орган жоғары және арнаулы орта оқу орындарымен білім беру қызметіне келісім шарттар жасайды;

8

8) қосымша әлеуметтік көмек мүгедек баланы үйде тәрбиелеп, оқытудың қажеттілігі туралы "Қостанай облысының білім беру департаменті" мемлекеттік мекемесінің жанындағы облыстық психологтык, - медициналық -педагогикалық комиссияның қортындысы мен «Науырзым ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) ұсынған тізімінің негізінде жүргізіледі.

4 4. Әлеуметтік көмекті төлеу тиісті банктік операциялар түріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар екінші дәрежелі банкілер немесе ұйымдар арқылы уәкілетті орган ұсынған тізімге сәйкес, алушылардың жеке шоттарына ақшалай аудару арқылы жүзеге асырылады.

5 5. Уәкілетті орган (келісім бойынша) мүдделі тұлғаларға әлеуметтік көмек тағайындауға қажетті құжаттардың тізімін ұсынсын.

6 6. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек» 451007000 бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізілсін.

7

7. Науырзым ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 2 сәуірдегі № 97 «Науырзым аудандық мәслихатының 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 304 «Науырзым ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» қаулысының (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-16-50, № 11 «Науырзым» аудандық газетінде 2007 жылғы 21 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

8 8. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 9. Осы қаулының орындалуына орынбасары Х.С. Қуатқановқа жүктелсін.