Қолданыстағы ред. 19.09.2008

Түркістан қалалық мәслихатының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 3/17-IV «2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 19.09.2008 г. № 12/81-IV (Түркістан қалалық мәслихатының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 3/17-IV «2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)

0

Түркістан қалалық мәслихатының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 3/17-IV «2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 116 бабына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 05.09.2008 жылғы №9/115-ІҮ «2008 жылға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне және Түркістан қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 10 қыркүйектедегі № 1729 қаулысына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Түркістан қалалық мәслихатының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы №3/17-ІV «2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-4-44 нөмерімен тіркелген, 2008 жылы 9 қаңтардағы «Түркістан» газетінде жарияланған), Түркістан қалалық мәслихатының 2008 жылғы 12 ақпандағы №4/36-ІV «Түркістан қалалық мәслихатының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы №3/17-ІV «2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-4-48 нөмерімен тіркелген, 2008 жылы 20 ақпандағы «Түркістан» газетінің №18-19 санында жарияланған), Түркістан қалалық мәслихатының 2008 жылғы 23 сәуірдегі №4/36-ІV «Түркістан қалалық мәслихатының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы №3/17-ІV «2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-4-51 нөмірімен тіркелген,
2008 жылы 17 мамырдағы «Түркістан» газетінің №45 санында жарияланған), Түркістан қалалық мәслихатының 2008 жылғы 27 маусымдағы №8/53-IV «Түркістан қалалық мәслихатының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы №3/17-IV «2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-4-53 нөмерімен тіркелген, 2008 жылы 19 шілдедегі «Түркістан» газетінің №70-71 санында жарияланған), Түркістан қалалық мәслихатының 2008 жылғы 25 шілдедегі №10/67-IV «Түркістан қалалық мәслихатының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы №3/17-ІV «2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-4-55 нөмерімен тіркелген, 2008 жылы 9 тамыздағы «Түркістан» газетінің №81-82 санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1

1)кірістер 6 978 348 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 878 405 мың теңге;
салық емес түсімдер - 3 604 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 156 900 мың теңге;
трансферттердің түсімдері 5 939 439 мың теңге.

2

2)шығындар 6 998 435 мың теңге.

2

2. Аталған шешімнің 1-қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.

3

3. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.