Мақтаарал аудандық мәслихатының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 4-18-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мақтаарал аудандық мәслихатының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 4-18-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 9, 116 баптарына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағына сәйкес Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мақтаарал аудандық мәслихатының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» №4-18-ІV шешіміне (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-7-53 нөмірмен тіркелген, «Мақтаарал» газетінің 2008 жылғы 18 қаңтардағы №3 санында ресми жарияланған, Мақтаарал аудандық мәслихатының 2008 жылғы 29 қаңтардағы «Мақтаарал аудандық мәслихатының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» №4-18-ІV шешіміне ѳзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №5-33-ІV шешімі, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-7-56 нѳмірмен тіркелген, «Мақтаарал» газетінің 2008 жылғы 29 ақпандағы №9, 7 наурыздағы №10 сандарында ресми жарияланған) мынадай ѳзгерістер енгізілсін: 1-тармақта: 1)тармақшадағы «7645495» саны «7566238» санымен; «765604» саны «804463» санымен; «2491» саны «4897» санымен; «64648» саны «129823» санымен; «6812752» саны «6627055» санымен; 2)тармакшадағы «7605865» саны «7526608» санымен ауыстырылсын. №1 қосымша жаңа редакцияда мазмұндалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.