Мақтаарал аудандық мәслихатының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 4-18-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 9, 116 баптарына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағына сәйкес Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Мақтаарал аудандық мәслихатының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 4-18-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы от 27.06.2008 г. № 9-67-IV (Мақтаарал аудандық мәслихатының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 4-18-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы)
1. Мақтаарал аудандық мәслихатының 2007 жылғы 25 желтоксандағы «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» №4-18-IV шешіміне (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-7-53 нөмірмен тіркелген, 2008 жылғы 18 қаңтардағы «Мақтаарал» газетінде ресми жарияланған, Мақтаарал аудандық мәслихатының 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 5-33-ІV «Мақтаарал аудандық мәслихатының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы «2008 жылға арналған аудандык бюджет туралы» №4-18-IV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-7-56 нөмірмен тіркелген, 2008 жылғы 29 ақпанда «Мақтаарал» газетінің №5 санында жарияланған, Мақтаарал аудандық мәслихатының 2008 жылғы 23 сәуірдегі №7-44-ІV «Мақтаарал аудандық мәслихатының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» №4-18-ІV шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-7-63 нөмірмен тіркелген, 2005 жылғы 11 ақпандағы «Мақтаарал» газетінің №7 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
1) тармакшадағы «7566238» саны «9022351» санымен;
«6627055» саны «8083168» санымен;
2) тармақшадағы «7526608» саны «8982721» санымен ауыстырылсын.
№1 қосымша жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешім 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.