Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 26-ІY «2008 жылғы арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 26-ІY «2008 жылғы арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы » Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548-ІІ Бюджет Кодексінің 111, 116 баптарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. ІY шақырылған аудандық мәслихаттың (2007 жылғы 25 желтоқсандағы ІY шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті ІІІ сессиясының № 26-ІY санды шешімі, мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 4-4-88 санымен 10 қаңтарда 2008 жылы тіркелген, аудандық «Нарын таңы» газетінің 2008 жылы 18 қаңтардағы №3 санында жарияланған) 2007 жылғы 25 желтоқсандағы кезекті ІІІ сессиясының № 26-ІY «2008 жылғы арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1). 1-бап 1-тармақтағы: 1-тармақшасындағы: «1285905» саны «1415927» санымен ауыстырылсын; «841593» саны «971615» санымен ауыстырылсын; 2 – тармақшадағы: «1285905» саны «1442725» санымен ауыстырылсын; 3 – тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «Операциялық сальдо-26798 мың теңге». 4- тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «Таза бюджеттік кредит беру». 5- тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «Қаржы активтерімен жасалатын операциялар». 6-тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «Тапшылық-26798 мың теңге». 7- тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «Бюджет тапшылығын қаржыландыру 26798 мың теңге», оның ішінде: «Бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы бойынша 26798 мың теңге». 2) 6 бап мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші, алтыншы абзацтармен толықтырылсын: «Мемлекеттік қызметшілердің компьютерлік сауаттылыққа оқытуға-432 мың теңге»; «Электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамытуға-4590 мың теңге»; «Коммуналдық шаруашылық объектілерін дамыту-100000 мың теңге нысаналы даму трансферттері көзделгені ескерілсін.». 3) 7 бап мынадай үшінші абзацтармен толықтырылсын: «Қысқы мезгілге дайындық шараларына-25000 мың теңге нысаналы трансферттері көзделгені ескерілсін»; 4) Аталған шешімге 1,2 және 3 қосымшалар сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.