2007 жылғы 25 наурыздағы № 3-1610 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушылар арасынан бір жолғы әлеуметтік көмек» қаулысынаа өзгерістер енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.05.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылғы 25 наурыздағы № 3-1610 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушылар арасынан бір жолғы әлеуметтік көмек» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабындағы 1-ші тармақтың 14-ші тармақшасын басшылыққа ала отырып аудан Әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Іле ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 25 наурыздағы «Мемлекеттік атаулы әлеумегтік көмекті алушылар арасынан бір жолғы әлеуметтік көмек» туралы № 3-1610 қаулысына (Іле ауданының әділет басқармасында 2007 жылғы 24 сәуірдегі нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2-10-46 нөмірімен тіркелген, «Іле таңы» газетінде 2007 жылдың 11-ші мамыр күні жарияланған) Президенттің Жолдауын іске асыру үшін «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларының ішінен жеке щаруашылыққа мал, тұқым сатып алуға, халық кәсіпшілігін дамытуға, жеке меншік іс ашуға, оның ішінде кәсіптік оқудан өткендерге» бағдарламасы бойынша, көрсетіліп жатқан әлеуметтік көмек нарықтық бағаларға сәйкес 150-200 мың теңге мөлшерінде қарастырылып, осындай көмекке зәру азаматтарға қолдау көрсету жэне кедейшілік шегінен шығару мақсатында өзгерістер енгізілсін: 1 -ші тармақтағы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы аз қамтамасыз етілген огбасылары жеке шаруашылыққа мал, тұқым сатып алуға, қалық кәсіпшілігін дамытуға. жеке меншік іс ашуға, оның ішінде кәсіптік оқудан өткендер 30000-70000 мың теңге аралығында бір жолғы әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етілсін» деген сөйлемдегі «30000-70000» саны «150000-200000» санына ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан Әкімінің бірінші орынбасары Тұрымбетов Ерболат Сапарұлына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолдапыска енгізіледі.
Тармақ 4
4. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушылар арасынан бір жолғы әлеуметтік көмек" қаулысы жаңа редакцияда бекітілсін. «___»______ 2007 жыл «___»______ 2007 жыл «___»______ 2007 жыл «___»______ 2007 жыл