Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 26 желтоқсандағы «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 3/2-04 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 26 желтоқсандағы «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 3/2-04 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексінің 5-бабы 3-тармағына, 111-бабы 1,4-1-тармақтарына, 116-бабы 1,3,5-тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы, 1-тармағы 1) тармақшасына және аудан әкімдігінің 2007 жылдың 4 ақпандағы № 60 хатына сәйкес Түлкібас аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Түлкібас аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 26 желтоқсандағы «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 3/2-04 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 4 қаңтарда 14-14-42-нөмірмен тіркелген, 2008 жылғы 11 қаңтарда «Шамшырақ» газетінің 4-5-нөмірінде ресми жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1)тармақ мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
1. Түлкібас ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті 1 қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:
1) тармақшадағы:
1)кірістер - 3083873 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 388448 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 3163 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 14119 мың тенге;
трансферттердің түсімдері - 2678143 мың теңге;
2)шығындар - 3091756 мың теңге;
3)операциялық сальдо - -7883 мың теңге;
4)таза бюджеттік кредит беру - 0 мың тенге;
5)қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша
сальдо - 0;
6)бюджет тапшылығы - -7883 мың теңге;
7)бюджет тапшылығын қаржыландыру - 7883 мың теңге”.
Тармақша 2
2) тармақ мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
2. Аудан әкімдігінің 2008 жылға арналған резерві 3682 мың теңге соммасында белгіленсін.
Аталған шешімнің 1,2,4 қосымшалары осы шешімнің 1,2,4 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін.