Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 26 желтоқсандағы «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 3/2-04 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 26 желтоқсандағы «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 3/2-04 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексінің 5-бабы 3-тармағына, 111-бабы 1,4-1-тармақтарына, 116-бабы 1,3,5-тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы, 1-тармағы 1) тармақшасына және аудан әкімдігінің 2008 жылдың 16 сәуірдегі № 204 хатына сәйкес Түлкібас аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Түлкібас аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 26 желтоқсандағы «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» №3/2-04 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 4 қаңтарда 14-14-42 - нөмірмен тіркелген, 2008 жылғы 11 қаңтарда «Шамшырақ» газетінің 4-5 нөмірінде ресми жарияланған, 2008 жылғы 11 ақпандағы «Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 26 желтоқсандағы «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 3/2-04 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 4/1-04 шешімімен нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 18 ақпанда 14-14-48 - нѳмірмен тіркелген, 2008 жылғы 11 ақпанда «Шамшырақ» газетінің 13-14 нѳмірінде ресми жарияланған) мынадай ѳзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1)тармақ мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын: 1. Түлкібас ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті 1 қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін: 1) тармақшадағы: 1)кірістер - 3164760 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 408048 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 3563 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 84119 мың теңге; трансфертгердің түсімдері - 2669030 мың теңге; 2)шығындар - 3172643 мың теңге; 3)операциялық сальдо - -7883 мың теңге; 4)таза бюджеттік кредит беру - 0 мың теңге; 5)қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0; 6)бюджет тапшылығы - -7883 мың теңге; 7)бюджет тапшылығын қаржыландыру - 7883 мың теңге.
Тармақша 2
2) тармақ мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын: 2. Аудан әкімдігінің 2008 жылға арналған резерві 3682 мың теңге соммасында белгіленсін. Аталған шешімнің 1,4 қосымшалары осы шешімнің 1,4 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін.