Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 26 желтоқсандағы «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 3/2-04 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 26 желтоқсандағы «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 3/2-04 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі №548 Бюджет кодексінің 5 бабы 3 тармағына, 111 бабы 1, 2-1 тармағына, 116 бабы 1,3,5 тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы, 1 тармағы 1) тармақшасына және аудан әкімдігінің 2008 жылдың 20 маусымдағы №235 хатына сәйкес Түлкібас аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Түлкібас аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 26 желтоқсандағы «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» №3/2-04 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекетгік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 4 қаңтарда 14-14-42-нөмірмен тіркелген, 2008 жылғы 11 қаңтарда «Шамшырақ» газетінің 4-5 нөмірінде ресми жарияланған), 2008 жылғы 11 ақпандағы «Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 26 желтоқсандағы «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 3/2-04 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 4/1-04 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 18 ақпандағы 14-14-48-нѳмірмен тіркелген, 2008 жылғы 22 ақпанда «Шамшырақ» газетінің 13-14 нөмірінде ресми жарияланған), 2008 жылғы 23 сәуірдегі «Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 26 желтоқсандағы «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 3/2-04 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 6/1-04 шешіміне (нормативтік құкықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 28 сәуірде 14-14-50 - нѳмірмен тіркелген, 2008 жылғы 28 сәуірде «Шамшырақ» газетінің 36-37 нѳмірінде ресми жарияланған) мынадай ѳзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1)тармақ мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын: 1. Түлкібас ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті 1 қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін: 1) тармақшадағы: 1)кірістер- 3846172 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 408048 мың теңге; салыктық емес түсімдер - 3563 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 84119 мың теңге; трансферттердің түсімдері - 3350442 мың теңге; 2)шығындар - 3854055 мың теңге; 3)операциялық сальдо - -7883 мың теңге; 4)таза бюджеттік кредит беру - 0 мың теңге; 5)қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0; 6)бюджет тапшылығы - -7883 мың теңге; 7)бюджет тапшылығын қаржыландыру - 7883 мың теңге”. Аталған шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін.