Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 26 желтоқсандағы «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 3/2-04 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.09.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 26 желтоқсандағы «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 3/2-04 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Бюджет кодексінің 5 бабы 3 тармағына, 111 бабы 1,2-1 тармағына, 116 бабы 1,3,5 тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы, 1 тармағы 1) тармақшасына және аудан әкімдігінің 2008 жылдың 5 қыркүйектегі № 438 хатына сәйкес Түлкібас аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Түлкібас аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 26 желтоқсандағы «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 3/2-04 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 4 қаңтарда 14-14-42 - нөмірмен тіркелген, 2008 жылғы 11 қаңтарда «Шамшырақ» газетінің 4-5 нөмірінде ресми жарияланған), 2008 жылғы 11 ақпандағы «Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 26 желтоқсандағы «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы № 3/2-04 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 4/1-04 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 18 ақпандағы 14-14-48 -нѳмірмен тіркелген, 2008 жылғы 22 ақпанда «Шамшырақ» газетінің 13-14 нѳмірінде ресми жарияланған), 2008 жылғы 23 сәуірдегі «Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 26 желтоқсандағы «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы № 3/2-04 шешіміне ѳзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 6/1-04 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 28 сәуірдегі 14-14-50 -нѳмірмен тіркелген, 2008 жылғы 28 сәуірде «Шамшырақ» газетінің 36-37 нѳмірінде ресми жарияланған), жылғы 27 маусымдағы «Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 26 желтоқсандағы «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 3/2-04 шешіміне ѳзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 8/1-04 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 27 маусымдағы 14-14-55-нѳмірмен тіркелген, 2008 жылғы 4 шілдеде «Шамшырақ» газетінің 54-55 нѳмірінде ресми жарияланған) мынадай ѳзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын: "1. Түлкібас ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті 1 қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін: 1) тармақшадағы: 1) кірістер - 3867716 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 399848 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 3233 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 134119 мың теңге; трансферттердің түсімдері - 3330516 мың теңге; 2)шығындар - 3875599 мың теңге; 3)операциялық сальдо - -7883 мың теңге; 4)таза бюджеттік кредит беру - 0 мың теңге; 5)қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0; 6)бюджет тапшылығы - -7883 мың теңге; 7)бюджет тапшылығын қаржыландыру - 7883 мың теңге”.
Тармақ 2
2. Аудан әкімдігінің 2008 жылға арналған резерві 3582 мың теңге соммасында белгіленсін. Аталған шешімнің 1,4 қосымшалары осы шешімнің 1,4 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін.