Әкімдіктің 2007 жылғы 29 қаңтардағы № 46 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әкімдіктің 2007 жылғы 29 қаңтардағы № 46 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікгі мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы, 1-тармағы, 14) тармақшасына, 37-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 18-1 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы «Әлеуметтік аударымдарды есептеу ережесін бекіту туралы» № 683 қаулысына сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аманкелді ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 29 қаңтардағы «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» (Аманкелді ауданының әділет басқармасындағы 2007 жылғы 7 наурыздағы мемлекеттік тіркеу нөмері 9-6-52, «Аманкелді арайы» аудандық газетінің 2007 жылғы 30 наурыздағы № 12 нөмерінде жарияланған) № 46 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін. Осы қаулымен бекітілген «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» нұсқаулықтың 4 тармағының 16) тармақшасындағы «20 пайыз» деген сөз «10 пайыз» деген сөзбен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Хайруллинге жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.