Аудан әкімиятының 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 555 «Мақаш ауылдық округіндегі «Шыныбек» ауылының аумағында құтыру ауруына шектеу іс-шараларын жариялау туралы» қаулысымен бекітілген шектеу іс-шараларын тоқтату туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.03.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан әкімиятының 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №555 «Мақаш ауылдық округіндегі «Шыныбек» ауылының аумағында құтыру ауруына шектеу іс-шараларын жариялау туралы» қаулысымен бекітілген шектеу іс-шараларын тоқтату туралы Қазақстан Республикасның 2002 жылғы 10 шілдедегі №339-II «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағының 10 тармақшасын басшылыққа алып және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің Атырау облысы Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясының 2008 жылғы 28 ақпандағы №54 ұсынысы негізінде аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімиятының 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №555 «Мақаш ауылдық округіндегі «Шыныбек» ауылының аумағында құтыру ауруына шектеу іс-шараларын жариялау туралы» (нормативтік құқықтық акті 2008 жылдың 17 қаңтарында мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №4-8-120 болып енгізілген) қаулысымен құтыру ауруына қарсы жарияланған шектеу іс-шаралардың орындалуына байланысты, аурудың шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен соң алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілсін.
Тармақ 3
3. Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Атырау облысы Құрманғазы аудандық аймақтық инспекциясының бастығы С.Сәлімғалиев (келісім бойынша), аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Ө.Сарбасов (келісім бойынша), аудандық аурухананың бас дәрігері Е.Қуанов (келісім бойынша), Мақаш ауылдық округінің әкімі Қ.Нұрлыбаев шектеу іс-шара жоспарындағы көрсетілген жұмыстардың орындалысын аудан әкімиятына баяндауға ұсынылсын. Келісілді: Ауыл шаруашылығы Министрлігінің, Атырау облысы Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясының бастығы Сәлімғалиев Серік аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Сарбасов Өтепберген Селеубайұлы аудандық аурухананың бас дәрігері Қуанов Еркінбай Қуанұлы