Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 3 қаңтардағы № 1 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 3 қаңтардағы № 1 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына және 37-бабы 1-тармағына сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аманкелді ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 3 қаңтардағы «2007 жылы атқарылатын ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» (Аманкелді ауданының Әділет басқармасындағы 2007 жылғы 5 ақпандағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-6-51, «Аманкелді арайы» аудандық газетінің 2007 жылғы 30 наурыздағы № 12 нөмірінде жарияланған) № 1 қаулысының қосымшасына берілген қосымшаға сәйкес толықтырулар енгізілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ж. Тәукеновке жүктелсін.
Басқа 3. 2007 жылы ұйымдастырылатын ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері
Аманкелді ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 120 қаулысына қосымша 2007 жылы ұйымдастырылатын ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері Кв.м. - шаршы метр Га - гектар Тн - тонна П.м. - қума метр Км - шақырым