Аудандық әкімиятының 2007 жылғы 5 ақпандағы № 19 «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртіптері туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық әкімиятының 2007 жылғы 5 ақпандағы № 19 «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртіптері туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28-бабына сәйкес, аудандық әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық әкімиятының 2007 жылғы 5 ақпандағы № 19 «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртіптері туралы» қаулысына (Махамбет аудандық ділет басқармасында 2007 жылы 28 ақпанда № 4-3-58 тіркелген, 2007 жылы 24 наурыздағы № 12 «Жайық шұғыласы» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: Көрсетілген қаулының 1,3-қосымшалары осы қаулының 1,2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Арыстановқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Басқа 4
Аудандық әкімиятының 2008 жылғы 28 сәуір №228 қаулысына 1-қосымша Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру және тәртібі Осы тәртіп Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13-тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызметкердің алдын-ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, әлеуметтік пайдалы бағыты бар және азаматтарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдардың жолдамасымен азаматтар орындайтын еңбек қызметінің түрлері «қоғамдық жұмыстар» деп түсініледі.
Тармақ 2
2. Ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамалық кесімдері қолданылады.
Тармақ 3
3. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға олардың келісімімен жіберіледі.
Тарау 2. 2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
Тармақ 4
4. Жергілікті атқарушы органдар аймақтық қажеттілігін ескере отырып, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсынысты анықтайды, комиссия қорытындысы өкілетті органға ұсынылады. Өкілетті орган ұсынысты бекіткеннен кейін жергілікті атқарушы орган тізімге сай жұмысты ұйымдастырады.
Тармақ 5
5. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар жұмыс берушілермен 1 айдан 6 айға дейін мерзімге қоғамдық жұмысты ұйымдастыруға келісім – шарт жасасады.Кейбір жағдайларда, жұмыссыздың әлеуметтік жағдайын ескере отырып, бір жылға дейін ұзартуға болады.
Тармақ 6
6. Қоғамдық жұмыстар уақытша жұмыс орындарын ашу жолымен ұйымдастырылады және оның мынандай ерекшеліктері болады:
Тармақша 1
1) қоғамдық жұмыс тек қана жұмыссыздарға арналады, жұмыс орнының саны іс жүзінде шектелмейді және жұмыс уақытша сипатта болады, оларды ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындарымен бос жұмыс орындарын пайдалануға болмайды;
Тармақша 2
2) толық емес жұмыс күні жағдайында, икемді кесте бойынша жұмысты ұйымдастыру мүмкіндігі 6 сағат (толық жұмыс күні, мекеменің жағдайына қарай жұмыс беруші жұмыссыздың жалақысына үстемі еңбек ақы төлеген кезде);
Тармақша 3
3) аймақ үшін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тұрғыдан пайдалы;
Тармақша 4
4) арнаулы білімі жоқ адамдарға уақытша жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.
Тармақ 7
7. Қоғамдық жұмыстарды өзінің жеке қаражаты есебінен өзінде ұйымдастыруға тілек білдіретін жұмыс берушілер жергілікті атқарушы органдарға өтінім береді.
Тарау 3. 3. Қоғамдық жұмыстармен қамтылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеу
3. Қоғамдық жұмыстармен қамтылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеу
Тармақ 8
8. Жергілікті бюджет есебінен төленетін қоғамдық жұмыспен қамтылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеу тиісті жылға арналған Республикалық бюджет туралы Заңда анықталған ең төменгі еңбек ақының санына, сапасына, күрделілігіне қарай белгіленеді.
Тармақ 9
9. Қоғамдық жұмыстарға қатысқаны үшін жұмыссыздарға есептелген жалақыға заңнамада белгіленген салық салынады және жұмыспен қамту уәкілетті органдарының тапсырысына сәйкес жұмыссыздың жеке дербес шотына аударылады.
Тармақ 10
10. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға уақытша жұмысқа жарамсыздығы, жарақаттануынан немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан келтірілген зиянды өтеу жөніндегі әлеуметтік жәрдемақы төлеуді қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жұмыс беруші жүргізеді.
Тарау 4. 4. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу
4. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу
Тармақ 11
11. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жұмыссыздарды ұйымдардағы қоғамдық жұмыстарға жіберуді жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган тіркелу күніне сәйкес кезектілік тәртібімен жүзеге асырады.
Тармақ 13
13. Мақсатты топтарға кіретін жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға басым тәртіппен қатысуға құқығы бар.
Тармақ 14
14. Жұмыс беруші мен қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыз арасында еңбек туралы заңнамаға сәйкес жеке еңбек шарты жасалады.
Тарау 5. 5. Қаржыландыру, есепке алу, есептілік және бақылау тәртібі
5. Қаржыландыру, есепке алу, есептілік және бақылау тәртібі
Тармақ 15
15. Қоғамдық жұмысты қаржыландыру жергілікті бюджетте осы мақсатқа қаралған қаржы есебінен жүргізіледі.
Тармақ 16
16. Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырып отырған кәсіпорын жергілікті уәкілетті органдарға әр айдың 25-күніне дейін өткен ай үшін белгіленген заңнама тәртібінде есеп береді (жұмыс уақыты есебінің табелі, атқарылған жұмыстардың актлері).
Тармақ 17
17. Жергілікті уәкілетті органдар арқылы қоғамдық жұмыстар жүргізетін кәсіпорындар есептерін тексеріп, қаржыландыруға қажетті қаржының көлемін анықтап, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырыс жолдайды.
Тармақ 18
18. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жергілікті уәкілетті органдар тапсырысы негізінде жинақтап, қажетті қаражатының көлемін анықтап, әр айдың 10-күніне дейін жергілікті қаржы бөліміне тапсырыс береді.
Тармақ 19
19. Жергілікті қаржы бөлімі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен түскен тапсырыс негізінде жергілікті бюджетте осы мақсатқа қаралған қаржы есебінен қаржыландыру ашады.
Тармақ 20
20. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ағымдағы шотқа қаржы түскеннен кейін, екі күннің ішінде жұмыссыздың дербес шотына аударады.
Тармақ 21
21. Жергілікті уәкілетті органдар әр ай сайын өткен айда жұмсалған қаржы туралы есепті заңнамаға сәйкес (пошта байланысы бөлімшесімен жасалған салыстыру актлері) жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне, жергілікті қаржы бөліміне тапсырады.
Тармақ 22
22. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен оны қаржыландыру тәртібіне жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті, қаржы органдары және қаржыны бақылау органдары бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 23
23. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырған кезде:
Тармақша 1
1) қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарды есепке алуды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) статистика жөніндегі мемлекеттік орган белгіленген нысан бойынша қоғамдық жұмыстар жөнінде айлық, тоқсандық, жарты жылдық және жылдық статистикалық есептерді жүргізеді;
Тармақша 3
3) белгіленген мерзімде жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі статистикалық есептілікті ұсынады.
Басқа 40
Аудан әкімиятының 2008 жылғы 28 сәуір №228 қаулысына 2 қосымша Ақылы қоғамдық жұмыстың түрлері Р/с Жұмыс түрлерінің атауы Ең төменгі жалақы есебімен алғандағы жұмыссыздардың еңбекақысы 1 Су, газ құбырларына жөндеуге қатысу және өр суынан қорғану жұмыстарына қатысу 1,5 2 Әлеуметтік мәдени маңызы бар нысандарды күрделі жөндеуден өткізуге қатысу, тал шауып, шетен тоқу, қамыс дайындап, маты тоқу 1,5 3 Аймақтарды экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту) 1,3 4 Суғару жұмыстары 1,3 5 Тарихи-архитектуралық ескерткіштерді және қорықтарды қалпына келтіру 1,3 7 Республикалық және аймақтық санақ жұмыстарына қатысу 1,3 8 Селолық округтерде жүргізілетін жұмыс түрлері: 1,3 8.1 -санақ жұмыстарына, мал санағын жүргізуге, жұқпалы мал ауруларына қарсы алдын-ала егу, ұрықтандыру шараларын жүргізуге қатысу, мал қырқу 1,3 8.2 -жалғызбасты қарттарға отын түсіру, мал азығын дайындауға көмектесу, шөп шабу жұмыстары, тас басу 1,5 8.3 -селолық пошта бөлімшесіне көмек, газет тарату 1,3 8.4 -Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу 1,5 8.5 -Жастарды және жас мамандарды еңбекке баулу 1,5 8.6 -Хат тасушы 1,3 9 Тағы басқа жұмыстар түрлері, соның ішінде: 9.1 -әскери комитетінде санақ жүргізу жұмыстары 1,3 9.2 Ауылшаруашылығы өнімдерін сауда орындарында өткізуге көмектесу 1,5 9.3 Мәдени шараларды өткізуге көмектесу 1,3