О бюджете города Лисаковска на 2007 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Лисаков қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы Казақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 78, 80-бабтарына сәйкес, «Қостанай облысының 2007 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» Қостанай облыстық мәслихатының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы № 378 шешіміне және «Лисаков қаласының 2007 жылға арналған бюджет жобасы туралы» Лисаков қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 1262 қаулысына сәйкес, Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Лисаков қаласының 2007 жылға арналған бюджеті 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін: кірістер - 1 487 578 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 1 234 302 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 3 192 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 191 339 мың теңге; трансферттердің түсімдері - 58 745 мың теңге; шығындар - 1 304 169 мың теңге; операциялық сальдо - 183 409 мың теңге; қаржылық активтермен операциялық бойынша сальдо - 4 100 мың теңге, оның ішінде: қаржылық активтерді сатып алу - 4 100 мың теңге; бюджеттің профициті - 179 309 мың теңге; бюджеттің профицитін пайдалану - 179 309 мың теңге.
Тармақ 2
2. Лисаков қаласының 2007 жылға арналған бюджетінің кірістері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес қалыптастырылғаны назарға алынсын.
Тармақ 3
3. Лисаков қаласы әкімдігінің 2007 жылға арналған резерві 6 048 мың теңге сомасында бекітілсін, оның ішінде: күтілмеген шығындарға - 6 048 мың теңге.
Тармақ 4
4. «Қостанай облысының 2007 жылға арналған облыстық бюджеті» Қостанай облыстық мәслихаты сессиясының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы № 378 шешімімен белгіленгені назарға алынсын: қаланың бюджетінен 2007 жылға арналған облыстық бюджетке 243 573 теңге сомасында бюджеттік алулар мөлшері; күнкөрісі төмен отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жергілікті бюджет қаражаттары есебінен мемлекеттік жәрдемақы төлеуге шығыстары кемінде 3 638 мың теңге сомасында.
Тармақ 5
5. Қаланың 2007 жылға арналған бюджетінде облыстық бюджеттен ағымдағы трансфертердің түсімдері көзделгені ескерілсін: мемлекеттік қызметшілерінің, мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлерінің, және қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын ұлғайтуға 58 745 мың теңге сомасында.
Тармақ 6
6. Қаланың 2007 жылға арналған бюджетінің шығындарында «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен бастауыш, негізгі және орта мектептердің, мектеп балабақшалардың қызметін қамтамасыз ету» кіші бағдарламасы бойынша ағымдағы ұстауға арналған шығыстардан кемінде 1 пайыз көлемінде жалпы міндетті орта білім қорының шығындары ескерілсін.
Тармақ 7
7. Лисаков қаласының бюджетін дамытудың бюджеттік бағдарламаларын бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға және 2007 жылға арналған заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөлу арқылы тізбесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 8
8. 2007 жылға арналған поселке, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі аппараттарының бюджеттік бағдарламаларының тізбесі 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 9
9. Лисаков қаласының 2007 жылға арналған бюджетті орындау процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламаларының тізбесі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 10
10. Бюджеттік орындау үшін бақылау жасау экономика, экономикалык даму, бюджет және бағдарламалар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Н.А. Желтяковка, қалалық мәслихаты тексеру комиссиясының төрайымы Г.А.Киселеваға және Лисаков қаласы әкімінің орынбасары В.В.Абоимоваға жүктелсін.
Тармақ 11
11. Осы шешім 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 12. Лисаков қаласының 2007 жылға арналған бюджеті
Қалалық мәслихат сессиясының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 322 шешіміне № 1-қосымша Лисаков қаласының 2007 жылға арналған бюджеті
Басқа 13. Лисаков қаласының 2007 жылға арналған бюджетін дамытудың бюджеттік бағдарламаларын бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын жасауға немесе ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөлу арқылы тізбесу
Қалалық мәслихат сессиясының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 322 шешіміне № 2-қосымша Лисаков қаласының 2007 жылға арналған бюджетін дамытудың бюджеттік бағдарламаларын бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын жасауға немесе ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөлу арқылы тізбесу
Басқа 14. 2007 жылға арналған поселке, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі аппараттарының бюджеттік бағдарламаларының тізбесі
Қалалық мәслихат сессиясының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 322 шешіміне № 3-қосымша 2007 жылға арналған поселке, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі аппараттарының бюджеттік бағдарламаларының тізбесі
Басқа 15. Лисаков қаласының 2007 жылға арналған бюджетті орындау процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламаларының тізбесі
Қалалық мәслихат сессиясының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 322 шешіміне № 4-қосымша Лисаков қаласының 2007 жылға арналған бюджетті орындау процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламаларының тізбесі