О бюджете Аулиекольского района на 2007 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әулиекөл ауданының 2007 жылға арналған бюджеті туралы Қазақстан Республикасының «2007 жылға арналған республикалық бюджеті туралы» Заңының, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының, Қостанай облыстық мәслихатының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы № 378 «2007 жылға арналған Қостанай облысының облыстық бюджеті туралы» шешімінің және Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 314 қаулысының негізінде Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ауданның 2007 жылға арналған бюджеті 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:
Тармақша 1
1) кірістер - 1134701 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 396035 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 1803 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 2097 мың теңге; алынған ресми трансферттер - 734766 мың теңге, оның ішінде, облыстық бюджеттен субвенция - 556928 мың теңге;
Тармақша 2
2) шығындар - 1134701 мың теңге;
Тармақша 3
3) операциялық сальдо - 0 мың теңге;
Тармақша 4
4) ауданның жергілікті атқарушы органының қарызын өтеуге бағытталған профициті - 0 мың теңге;
Тармақша 5
5) профицитті пайдалану - 0 мың теңге.
Тармақ 2
2. 2007 жылға арналған аудан бюджетінде табысы аз отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге 25007 мың теңге сомасында, оның ішіңде республикалық бюджет трансферттерінің есебінен 16454 мың теңге, аудан бюджеті қаражаты есебінен 8553 мың теңге көзделгені ескерілсін.
Тармақ 3
3. 2007 жылға арналған аудан бюджетінде мемлекеттік қызметшілерге, мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын ұлғайтуға облыстық бюджеттен 116821 сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін.
Тармақ 4
4. Аудан бюджетінде ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс атқарып жүрген білім, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт мекемелері мамандарының жалақылары мен тарифтік ставкаларын жиырма бес процентке көтеруге шығындар, оның ішінде облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер 20269 мың теңге сомасында көзделгені ескерілсін.
Тармақ 5
5. 2007 жылға арналған аудан бюджетінде автомобиль жолдарының қызмет істеуін қамтамасыз етуге облыстық бюджеттен 10294 мың тенге сомасында мақсатты трансферттер көзделгені ескерілсін.
Тармақ 6
6. Ауданның жергілікті атқарушы органының 2007 жылға арналған резерві 3500 мың теңге сомасында бекітілсін, оның ішінде: кезек күттірмейтін шығындарға - 3000 мың теңге; табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін 500 мың теңге сомасында.
Тармақ 7
7. 2007 жылға арналған аудан бюджетінде «Жалпы білім беру» бағдарламасы бойынша жалпы міндетті орта білім қорының шығыны ағымдағы ұстау шығынынан 1 пайыздан кем емес мөлшерде көзделсін.
Тармақ 8
8. 2007 жылға арналған аудан бюджетінің ағымдағы бюджеттік бағдарламаларының, бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) жане Заңды тұлғалардың Жарғылық капиталын құруға немесе арттыруды іске асыруға бағытталғанын бөлуімен, тізбесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 9
9. 2007 жылға арналған аудан бюджетін атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 10
10. Әр аудандағы қаланың, аудандық маңызды қаланың, поселке, ауылдың (село), ауылдық (селолық) округтің 2007 жылға бюджеттік бағдарламасының тізбесі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 11
11. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
Басқа 17. Әулиекөл ауданының 2007 жылға арналған бюджеті
Мәслихаттың 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 224 шешіміне 1-қосымша Әулиекөл ауданының 2007 жылға арналған бюджеті
Басқа 18. Ауданының 2007 жылға арналған бюджеті дамуының бюджеттік бағдарламаларының тізбесі, бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын құруға немесе арттыруды іске асыруға бағытталғанын бөлуімен
Мәслихаттың 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 224 шешіміне 2-қосымша Ауданының 2007 жылға арналған бюджеті дамуының бюджеттік бағдарламаларының тізбесі, бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын құруға немесе арттыруды іске асыруға бағытталғанын бөлуімен
Басқа 19. 2007 жылға арналған Әулиекөл ауданының бюджетін атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі
Мәслихаттың 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 224 шешіміне 3-қосымша 2007 жылға арналған Әулиекөл ауданының бюджетін атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі
Басқа 20. Әр аудандағы қаланың, аудандық маңызды қаланың, поселке, ауылдың (село), ауылдық (селолық) округтің 2007 жылға бюджеттік бағдарламасының тізбесі
Мәслихаттың 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 224 шешіміне 4-қосымша Әр аудандағы қаланың, аудандық маңызды қаланың, поселке, ауылдың (село), ауылдық (селолық) округтің 2007 жылға бюджеттік бағдарламасының тізбесі