2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1 тармағы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 «Бюджет кодексінің 80 бабы 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Түлкібас ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:
Тармақша 1
1) кірістер - 1 951 747 мың теңге, оның ішінде: салыктық түсімдер - 403314 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 3044 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 64642 мың теңге; ресми трансферттердің түсімдері - 1 480 747 мың теңге;
Тармақша 2
2) шығындар - 1 951 747 мың теңге;
Тармақша 3
3) операциялық сальдо -0 мың теңге;
Тармақша 4
4) таза бюджеттік кредит беру - 0 мың теңге;
Тармақша 5
5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0;
Тармақша 6
6) бюджет тапшылығы - 0 мың теңге;
Тармақша 7
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 0 мың теңге.
Тармақ 2
2. Аудан әкімдігінің 2007 жылға арналған резерві 21400 мың теңге сомасында белгіленсін, оның ішінде: төтенше резерві - 11900 мың теңге; шұғыл шығындарға арналған резерві - 9500 мың теңге.
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасында ауылды, селоны және аграрлық-өнеркәсіптік кешенді дамытудың басымдылығы туралы» Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 13 ақпандағы Заңының 44-бабына сәйкес 2005 жылға аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ауылды жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына қала жағдайында осы қызмет түрлерімен айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда айлықтары мен тарифтік ставкаларының 25 пайызы мөлшерінде үстеме ақы төлеу үшін қаржы қарастырылсын.
Тармақ 4
4. 2007 жылға арналған аудандық бюджетті дамытудың бюджеттік бағдарламаларының тізбесі бюджеттік инвестициялық жобаларды және инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөліне отырып, 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 5
5. 2007 жылға арналған жергілікті бюджеттің атқарылуы процесінде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 6
6. 2007 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық, поселкелік округтердің бюджеттік бағдарламалары қарастырылғаны ескерілсін: - Мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарын қолдау; Ауылдық (селолық) жерлерде балаларды мектепке дейін тегін алып баруды және кері алып келуді ұйымдастыру; - Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру; - Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету; - Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру. Көрсетілген бюджеттік бағдарламаларға қаржыны ауылдық, поселкелік округтеріне бөлу аудан әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін.