Об организации оплачиваемых, общественных работ на 2007 г. Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149-// Заңының 31 бап 1тармақ 14) тармақшасын, Қазақстан Республикасының «Жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149-ІІ Заңының 7 бап 5 тармағын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 қаулысын басшылыққа алып, Глубокое аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың тізбесі, осы жұмыстарға қамтылған адам саны мен көлемі бекітілсін (1 қосымша). Жалақы көлемі жұмыспен қамтамасыз ету бағдарламасын қаржыландыру жоспарына сәйкес төленетін қоғамдық жұмыстарға 815 адам жіберілсін.
Тармақ 2
2. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаттарынан жүргізілсін.
Тармақ 3
3. «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі » ММ басшысы М.Н.Пономареваға, кенттер және ауылдық округтардың әкімдеріне ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жөнінде тиімді жұмыстарды жүргізу міндеттелсін.
Тармақ 4
4. Кәсіпорын басшыларына жұмыссыздарды еңбек шартына сәйкес ақылы қоғамдық жұмыстарға кедергісіз қабылдауға нұсқау берілсін.
Тармақ 5
5. 2007 жылға ақылы қоғамдық жұмыстар тізбесі бекітілсін (2 қосымша).
Тармақ 6
6. Қаулының орындалуын бақылау Глубокое ауданы әкімінің орынбасары В.В.Лаптевке жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы Глубокое аудандық Әділет басқармасында тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді. Келісілген: «Глубокое ауданының қаржы бөлімі» ММ басшысы К. Карибаев «Глубокое ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ басшысы Р. Ластаева
Басқа 8. 2007 жылға ақылы қоғамдық жұмыстардың
Глубокое аудандық әкімдігінің қаулысына 2 қосымша “11” желтоқсандағы № 2074 2007 жылға ақылы қоғамдық жұмыстардың ТІЗБЕСІ
Тармақ 1
1. Турғын үй-коммуналды шаруашылық уйымдарына ауданның елді мекендері мен өнеркәсіп кәсіпорындары аумақтарын тазалауға көмектесу.
Тармақ 2
2. Канализациялық коммуникация, газ, су қубырларын төсеу, жолдарды салу мен жөндеу жумыстары бойынша қосалқы жумыстар.
Тармақ 3
3. Мелиорациялық жұмыстарға, топан суға қарсы шараларға, үлкен және кіші көпірлерді, канал, арқы, булақтар арналарын тазалауға қатысу.
Тармақ 4
4. Турғын үй, мәдени-әлеуметтік, ауыл шаруашылық пен өнеркәсіп бағытындағы объектілерді салу, жөндеу бойынша жұмыстар.
Тармақ 5
5. Тарихи-сәулет ескерткіштерін, кешендерді, қорық аймақтарын қалпына келтіру жумыстары.
Тармақ 6
6. Аймақтарды экологиялық сауықтыру (көгалдандыру, жайландыру).
Тармақ 7
7. Мәдени бағыттағы көлемді шараларды ұйымдастыруға көмектесу (спорттық жарыстар, фестивальдер, мерекелер, халық шығармашылығының байқаулары және т.б. ), тұрғылықты жері бойынша балалар мен жасөспірімдерді ұйымдастыру.
Тармақ 8
8. Республикалық және аймақтық қоғамдық кампаниялар өткізуге көмек көрсету. Халық санағына, әлеуметтік сураулар салуға, шаруашылық кітапшаларын, сайлаушылардың тізімдерін анықтау, әскери комиссариаттағы, салық органдарындағы, мурағат қужаттарымен жұмыстарға қатысу.
Тармақ 9
9. Маусымдық мал, құс семірту бойынша қысқа мерзімді жұмыстар, дәнді дақылдар мен көкөніс, май дақылдарын өсіру, егін себу науқанына тұқым даярлау, егін жинау, ауыл шаруашылық өнімдерін, картоп, май дақылдарын өңдеу және жеміс-жидек жинау.
Тармақ 10
10. Ветеринарлық, санитарлық-профилактикалық шараларға қатысу.
Тармақ 11
11. Ауыл шаруашылық зиянкестерімен күрес.
Тармақ 12
12. Ауру және кәрі адамдарды күту, уйде көмек көрсету.
Тармақ 13
13. Тәртіп сақтау мен объектілерді, соның ішінде саяжай учаскелерін күзету.
Тармақ 14
14. Маусымдық-жылу беру жумыстары.
Тармақ 15
15. Үй-жайды, баспалдақ алаңдарын және тұрғын үй аралықтарын тазалау.
Тармақ 16
16. Жұмыстың басқа түрлері:
Тармақша 1
1) сүт өнімдерін өңдеу
Тармақша 2
2) қираған ғимараттарды бұзу
Тармақша 3
3) жерлеуге қатысты қызметтер (зиратты күзету, қабір қазу, көлік қызметі)
Тармақша 4
4) нан өнімдерін пісіруде қосалқы жұмыстарды орындау
Тармақша 5
5) тігін өнімдерін және арнаулы киімдерді, жамау мен тігу
Тармақша 6
6) арнаулы аяқ киімдер мен аяқ киімдерді жөндеу мен тігу
Тармақша 7
7) канализация, жылу жүйелерін жөндеу жұмыстары бойынша қосалқы жұмыстар атқару
Тармақша 8
8) әлеуметтік карталарды құруға қатысу
Тармақша 9
9) атаулы әлеуметтік көмек бойынша құжаттарды рәсімдеуге қатысу
Тармақша 10
10) мектеп асханаларында қосалқы жұмыстарды атқару
Тармақша 11
11) егінжай, тоғай және объктілердің өрт қауіпсіздігі
Тармақша 12
12) құжаттарды мемлекеттік тілге аудару мен мемлекеттік мекемелердің мамандарына тілді оқыту.
Тармақша 13
13) компьютерде жұмыс істеу
Тармақша 14
14) ауылдық окугтердің ұйымдарында отын дайындау
Тармақша 15
15) Семей сынақ ядролық полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға мемлекеттік біржолғы ақшалай өтем істерінің үлгілерін құруға көмек көрсету
Тармақша 16
16) алыс қоныс орындарына хат-хабарларды жеткізу. «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы М. Пономарева
Басқа 41. 2007 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын мекемелердің тізбесі, адамлардың саны, жұмыстардың көлемі
Глубокое аудандық әкімдігінің қаулысына 2 қосымша “11” желтоқсандағы № 2074 2007 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын мекемелердің тізбесі, адамлардың саны, жұмыстардың көлемі