2007 жылғы арналған аудан бюджеті туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылғы арналған аудан бюджеті туралы Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 80,85 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2005-2007 жылдарға арналған бюджеттері арасындағы 2005-2007 жылдарға арналған жалпы сипаттағы ресми трансферттерің көлемдері туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы № 149-ІІІ Заңына, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылға арнлған облыстық бюджет туралы 2006 жылғы 5 желтоқсандағы № 20/304-ІІІ шешіміне сәйкес Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. 2007 жылға арналған аудандық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:
Тармақша 1
1) кірістер - 1165418 мың теңге, соның ішінде: салықтық түсімдер бойынша - 285350 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша - 1168 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1600 мың теңге;
Тармақша 2
2) шығындар - 1165418 мың теңге;
Тармақ 2
2. 2-ші қосымшаға сәйкес, 2007 жылға арналған аудандық бюджеттің ағымдағы бағдарламаларының тізбесі бекітілсін.
Тармақ 3
3. 3-ші қосымшаға сәйкес, 2007 жылға арналған аудандық бюджетті атқару барысында күзелмейтін бюджеттік бағдарламалар тізбесі бекітілсін.
Тармақ 4
4. 2007 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен берілетін мақсатты ағымдағы трансферттер 4-ші қосымшаға сәйкес мынадай мөлшерде көзделсін: -мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлерінің және қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын төлеуге -135680 мың теңге; -табысы аз отбасыларынан шыққан 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлерінің және қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын төлеуге - 135680 мың теңге; - табысы аз отбасыларынан шыққан 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақыларды төлеуге - 6000 мың теңге.
Тармақ 5
5. Осы шешім Катонқарағай аудандық Әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді, 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. 2007 жылға арналған аудан бюджеті
Катонқарағай аудандық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 25/2-ІІІ шешіміне 1 қосымша 2007 жылға арналған аудан бюджеті
Басқа 8. 2007 жылғы аудандық бюджеттің орындалу барысында күзелмейтін бағдарламалар тізімі
Катонқарағай аудандық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 25/2-ІІІ шешіміне 2 қосымша 2007 жылғы аудандық бюджеттің орындалу барысында күзелмейтін бағдарламалар тізімі
Басқа 9. Облыстық бюджеттен түскен мақсатты ағымдағы трансферттер
Катонқарағай аудандық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 25/2-ІІІ шешіміне 3 қосымша Облыстық бюджеттен түскен мақсатты ағымдағы трансферттер