О ставках платы за загрязнение окружающей среды на 2007 год Қолданыста
Басқа 0
2007 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы ставкалары туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
6 бабы 1 тармағының 2 тармақшасына
, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің
462 бабына
, "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
29 бабына
, "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (екінші кезең) туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 822
Қаулысына
сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы ставкалары
1
,
2 қосымшаларға
сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың өнеркәсіп, құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясы мен облыс әкімінің орынбасарына (А.К. Ержанов) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Қарағанды облыстық мәслихатының
XXIV сессиясының
2006 жылғы 13 желтоқсандағы
N 363 шешіміне 1 қосымша
Атмосфераға, су объектілеріне тасталған ластаушы заттар және қоршаған ортаға өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін 2007 жылы - 107 % индексациялау коэффициентін ескере отырып келесі төлемақы ставкалары белгіленсін:
Тармақ 1
1. Стационарлық көздерден атмосфераға бір шартты тонна ластаушы заттардың нормативтік шығарындысы үшін лимит шегінде - 461 теңге.
Тармақ 2
2. Стационарлық көздерден белгіленген лимиттен тыс тасталған бір шартты тонна ластаушы заттар үшін - 4 610 теңге.
Тармақ 3
3. Жылжымалы көздерден атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары үшін:
Тармақша 1
1) этилденбеген, этилденген бензин үшін - 361 теңге;
Тармақша 2
2) дизельдік отын үшін - 300 теңге;
Тармақша 3
3) газ үшін -217 теңге.
Тармақ 4
4. Жиналатын су тоғандарына, сүзілу аландарына бір шартты тонна ластаушы заттардың шығарындысы үшін лимит шегінде - 15 012 теңге.
Тармақ 5
5. Нормативтен тыс тасталған 1 шартты тонна ластаушы заттар үшін - 150 120 теңге.
Тармақ 6
6. Бір текше метр ағынды судың төгіндісі үшін:
Тармақша 1
1) нормативті тазартылған ағынды суға - 5,4 теңге;
Тармақша 2
2) тазартылмаған және жеткіліксіз тазартылған ағынды суға - 10,8 теңге.
Тармақ 7
7. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, рұқсат етілген үйінділерде және арнаулы орындарда орналастыру үшін, уыттылық сыныбына байланысты, кестеге сәйкес (
2 қосымша
):
Аршынды жыныстар (V) 1 тоннасына - 9,04 теңге;
Байыту қалдықтары, күл шлактары, шлактар (IV) 1 тоннасына - 18 теңге;
Тармақ 8
8. Ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары (тезек, құс көңі),
1 тонна үшін - 120 теңге.
Тармақ 9
9. Тұрмыстық қатты қалдықтарды (ТҚҚ), 1 текше метріне үшін - 91 теңге.
Атмосфераға (су объектілеріне) рұқсат берілмеген бір шартты тонна ластаушы заттардың апаттық қалдықтарын (тастандыларын) тастағаны үшін, осы мақсатқа арналмаған орындарда өнеркәсіп және тұрмыстық қалдықтарды рұқсатсыз орналастырғаны, сақтағаны үшін төлемақы он есе мөлшерінде алынады.
Қоршаған ортаны ластайтын заттар мен өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыруға арналған рұқсатты белгіленген тәртіппен ресімделмей қоршаған ортаны ластаған жағдайда барлық тастанды (төгінді) заттар рұқсат етілмеген шығарындылар (төгінділер) мен қалдықтарды орналастыру болып қарастырылады.
Басқа 19
Қарағанды облыстық мәслихатының
XXIV сессиясының
2006 жылғы 13 желтоқсандағы
N 363 шешіміне 2 қосымша
Кесте
ТӨЛЕМАҚЫ СТАВКАЛАРЫ
Қалдықтар атауы
Өлшем бірлігі
Төлемақы ставкасы, (теңге)
Улы қалдықтар
I сыныптағы уыттылық
тонна
3835
II сыныптағы уыттылық
тонна
1917
III сыныптағы уыттылық
тонна
480
IV сыныптағы уыттылық
тонна
240
V сыныптағы уыттылық
тонна
120