О социальных рабочих местах на 2007 год Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылға арналған әлеуметтік жұмыс орындары туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 13)- тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабы 5-4)- тармақшасына жэне 5 бабы 2 тармағына, 2005 жылғы 22 ақпандағы Шемонаиха ауданы әкімдігінің «Халықтың мақсатты тобын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар және оларды қаржыландыру ережесі туралы» № 991 қаулысы негізінде, халықтың мақсатты тобының жұмыспен қамтылмағандарын және жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар белгілеу мақсатында Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес, халықтың мақсатты тобындағы жұмыспен қамтылмағандарды және жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарының саны және ұйымдар (кәсіпорындар) тізімі анықталсын.
Тармақ 2
2. «Шемонаиха ауданының жұмыспен қамту жэне әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесіне халықтың мақсатты тобын жұмысқа орналастыру үшін жұмыспен қамтылмағандарды және жұмыссыздарды жинақтау қамтамасыз етілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары М.Е. Желдібаевқа жүктелсін.
Басқа 4. Әлеуметтік жумыс орындарын ұсынушы ұйымдар (кәсіпорындар)
Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2005 жылғы «08» желтоқсан № 1769 қаулысына қосымша Әлеуметтік жумыс орындарын ұсынушы ұйымдар (кәсіпорындар) ТІЗІМІ р/с № Жұмыс беруші Орындар саны 1. «ШығысҚазмыс» МХК филиалы, ЖРЭЦ 6 2. «Первомай ОӨК» мемлекеттік емес мекеме 2 3. «№ 10 дәріхана» ЖШС 3 4. «Ертіс» Ш/Қ 2 5. «Кедр» ЖШС 2 6. КМКК «Шемонаиха ОАА» 2 7. «Жұлдыз-7» ЖШС 1 ЖИЫНЫ: 18