Об установлении ежемесячных ставок платы за размещение объектов наружной (визуальной) рекламы на 2007 год Қолданыста
Басқа 0
2007 жылға арналған сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастырғаны үшін ай сайынғы төлемақы ставкаларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық Кодексі) 491 бабының 2 тармағына және 27 бабының 2 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес 2007 жылға арналған сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастырғаны үшін ай сайын төлемақы ставкалары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осмы шешімнің орындалуына бақылау жасау ауданды әлеуметтік экономикалық дамыту және бюджет саясаты мәселелері бойынша аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы жариланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Басқа 4. 2007 жылға арналған Осакаров ауданының аймағында сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастырғаны үшін ай сайынғы төлемақы ставкалары
2006 жылғы 21 желтоқсандағы
Осакаров аудандық Мәслихаттың
30 сессиясының № 227 шешіміне
қосымша
2007 жылға арналған Осакаров ауданының аймағында сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастырғаны үшін ай сайынғы төлемақы ставкалары
№ /р
Мазмұны
Айлық есептік көрсеткіштен төлемақы ставкасы процентте %
1
1 шаршы метрге дейін сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі (үндекхат, аз мөлшерлі плакат А1, А2, А3, А4, афиша, транспарант)
10
2
2 шаршы метрге дейін сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі (жердегі, қабырғадағы, шатырда құрылған, уақытша үлгі павильон мен киосктерде және сәулет нысандары жарық табло)
100
3
2,1 – 5 шаршы метрге дейін сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі (жердегі, қабырғадағы, шатырда құрылған, уақытша үлгі павильон мен киосктерде және сәулет нысандары жарық табло)
300
4
5,1 – 10 шаршы метрге дейін сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі (жердегі, қабырғадағы, шатырда құрылған, уақытша үлгі павильон мен киосктерде және сәулет нысандары жарық табло)
400
5
10,1 – 20 шаршы метрге дейін сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі (жердегі, қабырғадағы, шатырда құрылған, билбордттар, жарық табло)
1000
6
20,1 – 50 шаршы метрге дейін сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі (жердегі, қабырғадағы, шатырда құрылған, билбордттар, жарық табло)
1400
7
50,1 – 100 шаршы метрге дейін сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі (жердегі, қабырғадағы, шатырда құрылған, билбордттар, жарық табло)
2000