Об установлении ставки акциза на объекты игорного бизнеса на 2007 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылға арналған ойын бизнесі объектілеріне акциздің ставкасын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық Кодексі) 255, 257 баптарына және 258 бабының 4 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде, 2007 жылға арналған ойын бизнес объектілердің акциздеріне ставкалар белгіленсін:
Тармақша 1
1) ойын стол үшін бір жылға 130 айлық есептік көрсеткіш;
Тармақша 2
2) ақша ұтысы бар автоматқа бір жылға 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 3
3) тотализатор кассасы – бір жылға 80 айлық есептік көрсеткіш;
Тармақша 4
4) букмекер кеңсесінің кассасы – 25 айлық есептік көрсеткіш.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының ауданның әлеуметтік – экономикалық даму және бюджеттік саясат мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.