Об установлении ставки платы за выручки, полученные от игровых автоматов без денежного выйгрыша на 2007 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылға ақшасыз ұтыс ойын автоматтардан түскен түсім бойынша ставкаларын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық Кодексі) 392, 394 баптарына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ойынды бір ойыншымен өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматына жазып алынған жиынтық салық 1 жылға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін; Ойынды бір ойыншыдан аса ойыншылардың қатысуымен өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматына жазып алынған жиынтық салық 1 жылға 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың бюджеттік саясат және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.