Об установлении ставки платы за выручки, полученные от игровых автоматов с денежным выигрышем на 2007 год Күшін жойған
Басқа 0
2007 жылға ақшалы ұтыс ойын автоматтардан түскен түсім бойынша ставкаларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық Кодексі) 393, 394 баптарына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ойынды бір ойыншымен өткізуге арналған, ақшалы ұтыс ойын автоматына жазып алынған жиынтық салық 1 жылға 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін;
Ойынды бір ойыншыдан аса ойыншылардың қатысуымен өткізуге арналған, ақшалы ұтыс ойын автоматына жазып алынған жиынтық салық 1 жылға 80 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (электрондық рулетканы санамағанда) белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындаулына бақылау жасау аудандық мәслихаттың бюджеттік саясат және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.