О городском бюджете на 2007 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылға арналған қалалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, облыстық мәслихаттың «2005-2007 жылға облыстық бюджет және қалалық, аудандық бюджет арасындағы жалпы сипаттағы ресми трансферттер көлемі туралы» 2004 жылғы 8 желтоқсандағы №8/127 шешіміне және облыстық мәслихаттың «2007 жылға арналған облыстық бюджет туралы» 2006 жылғы 12 желтоқсан №19/347 шешіміне сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылға арналған қалалық бюджет 1 - қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:
Тармақша 1
1) кірістер - 4 267 548 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша - 3 115 899 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша - 69 985 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 454 141 мың теңге; ресми трансферттерден түсетін түсімдер - 627 523 мың теңге;
Тармақша 2
2) шығындар - 4 267 548 мың теңге.
Тармақ 2
2. Салықтық түсімдер бойынша қалалық бюджетке кірістер бөлу нормативтері мыналар бойынша төмендегідей көлемде белгіленгені ескерілсін: төлем көзінен ұсталатын кірістен алынатын жеке табыс салығы - 1,6 пайыз; төлем көзінен ұсталмайтын кірістен алынатын жеке табыс салығы - 100 пайыз; қызметін біржолғы талондар бойынша жүзеге асыратын жеке тұлғалардан алынатын жеке табыс салығы -100 пайыз; әлеуметтік салық -1,9 пайыз.
Тармақ 3
3. Қалалық бюджеттен бөлінетін, азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік төлемдер мынадай көлемде бекітілсін:
Тармақша 1
1) біржолғы материалдық көмек: Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, Чернобыль АЭС мүгедектеріне тіс протездерін дайындауға 10 000 теңгеге дейін; Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне- таңдауы бойынша облыстық қоғамдық-саяси газеттің бір түріне жазылу үшін мерзімді баспасөзге жылдық жазылу құны; Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне амбулаториялық ем алу кезінде дәрі-дәрмек сатып алуға 5000 теңге көлемінде;
Тармақша 2
2) атаулы күндерге біржолғы материалдық көмек: Жеңіс күніне (9 мамыр): Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне 30 мың теңге көлемінде; Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанкешті еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен, медальдарымен марапатталған тұлғаларға 3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде; 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кем дегенде 6 ай тылда жасаған жұмысы туралы мұрағаттан анықтамасы немесе еңбек кітапшасында жазбасы бар тыл еңбеккерлеріне 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде; Ұлы Отан соғысы жылдарында қайтыс болған жауынгерлердің қайта күйеуге шықпаған жесірлеріне 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде; Қоршауда қалған Ленинград тұрғындарына 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде; фашистік концлагердің тұтқындарына 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде; Қарттар күніне (1 қазан): жасы 70-тен асқан жалғызілікті қарт зейнеткерлерге 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде; Мүгедектер күніне (қазанның екінші жексенбісі): 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде; 1 және 2 топтағы мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындарға 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде; Қазақстан Республикасы күніне (25 қазан): Асыраушысынан айрылған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындарға 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде; Қала күніне: қаланың құрметті азаматтарына 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
Тармақша 3
3) аз қамтылған азаматтар мен аса мүжәлсіз азаматтардың басына қиын жағдай туғанда, қалалық бюджеттің қаражатынан берілетін біржолғы материалдық көмек;
Тармақша 4
4) республикалық маңыздағы дербес зейнеткер В.Д. Горшенинге қалалық бюджеттің қаражаты есебінен алатын зейнетақысы көлемінде жыл сайынғы біржолғы жәрдемақы төлеу;
Тармақша 5
5) ай сайынғы қосымша үстемақы: облыстық маңыздағы дербес зейнеткерлерге 1 айлық есептік көрсеткіш көлемінде; қаланың құрметті азаматтарының, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектерінің үй ішіндегі электр қондырғыларының қызмет етуіне 58 теңге;
Тармақша 6
6) «Ауылдық аймақтарды және агроөндірістік комплекстерді дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне әлеуметтік-мәдени мекемелер қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының қолданысы таралатын қалалық үлгідегі поселкеде тұратын және жұмыс жасайтын денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне, ауылдық жерлерде тұратын және білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт салаларының қызметкерлеріне отын сатып алуға арналған әлеуметтік көмек - 5 мың теңге;
Тармақша 7
7) қаланың жалпы орта білім беру мектептерінің түлектеріне Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында оқуынның төлеміне әлеуметтік көмек төлеу. Әлеуметтік көмекті төлеу тәртібі Маңғыстау облысты әкімияттының қаулысына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Ауылдық елді мекендерде және қаланың әкімшілік қарамағындағы аумақтарына жатпайтын поселкілерде жұмыс жасайтын мемлекеттік денсаулықсақтау, әлеуметтік қамту, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына 25 пайыз көтеріңкі жалақы және тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.
Тармақ 5
5. 2007 жылға арналған қалалық бюджет шығындарында республикалық бюджеттен мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілерге жатпайтын қызметкерлерінің және қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көбейтуге 597 326 мың теңге сомасында ағымдағы мақсатты трансферттер қарастырылғаны ескерілсін.
Тармақ 6
6. 2007 жылғы қалалық бюджетте облыстық бюджеттің қаражатының есебінен ағымдағы мақсатты трансферттер қарастырылған:
Тармақша 1
1) 3 273 мың теңге - Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 27 наурыздағы №=ЗЗЗЖгЗЕК- «Халықтың көші-қоны туралы» заңының 29 бабының 5 тармағына сәйкес облысқа квотадан тыс көшіп келген көп балалы оралмандарға бір жолғы жәрдемақы төлеуге. Жоғарыда көрсетілген оралмандардың бір жанұясына елу айлық есептік көрсеткіш есебінде қаражат қарастырылғаны ескерілсін;
Тармақша 2
2) 1 267 мың теңге - үйден тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) 24 440 мың теңге - 1-ші сынып оқушыларына арналған «Мектеп сүті» бағдарламасының пилоттық жобасын іске асыру үшін;
Тармақша 4
4) 1 217 мың теңге - Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоғарғы оқу орындарында оқитындарға арнап әлеуметтік көмек төлеуге.
Тармақ 7
7. Жергілікті атқарушы органның резерв қоры 37 273 мың теңге сомасында бекітілсін, оның ішінде: жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарына арналған резерві - 12 751 мың теңге; табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органның төтенше резерві - 9 522 мың теңге; соттардың шешімі бойынша міндеттемелерді орындауға арналған жергілікті атқарушы органның резерві - 15 000 мың теңге.
Тармақ 8
8. 2 - қосымшаға сәйкес бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға бағытталған қалалық бюджеттің 2007 жылға арналған бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі бекітілсін.
Тармақ 9
9. 3 - қосымшаға сәйкес 2007 жылы қалалық бюджеттің орындалу барысында секвесторға жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі бекітілсін.
Тармақ 10
10. 4 - қосымшаға сәйкес Маңғыстау селосы бойынша 2007 жылға арналған бюджеттік бағдарламалар тізбесі бекітілсін.
Тармақ 11
11. 5- қосымшаға сәйкес Өмірзақ селосы бойынша 2007 жылға арналған бюджеттік бағдарламалар тізбесі бекітілсін.
Тармақ 12
12. 6 - қосымшаға сәйкес Баянды селосы бойынша 2007 жылға арналған бюджеттік бағдарламалар тізбесі бекітілсін.
Тармақ 13
13. 7 - қосымшаға сәйкес Қызылтөбе селолық округі бойынша 2007 жылға арналған бюджеттік бағдарламалар тізбесі бекітілсін.
Тармақ 14
14. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің бастығы А.Н.Ким «15» желтоқсан 2006 жыл