О районном бюджете Карасуского района на 2007 год Қолданыста
Басқа 0
Қарасу ауданының 2007 жылға
арналған аудандық бюджеті туралы
Қарасу ауданы әкімдігінің қаулысын қарап, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1)-тармақшасына және Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысының 2007 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» 2006 жылғы 8 желтоқсандағы № 378 ( 2006 жылғы 11 желтоқсандағы мемлекеттік тіркеу нөмірі № 3557) шешіміне сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылға арналған аудандық бюджетi 1-қосымшага сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:
Тармақша 1
1) кірістер – 786046 мың теңге, оның iшiнде салықтық түсімдер – 276185 мың теңге;
алынған ресми трансфертер – 499831 мың теңге
Тармақша 2
2) шығындар – 786046 мың теңге;
Тармақ 2
2. 2007 жылға арналған ауданның бюджетінде мемлекеттiк қызметшілерге, мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi болып табылмайтын қызметкерлерiне және қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерiне жалақысын 95286 мың теңге сомасында ұлғайтуға ескерiлсiн.
Тармақ 3
3. 2007 жылға арналған аудандық бюджетінде аз қамтылған отбасылардың 18 жасқа дейiнгі балаларына мемлекеттік жәрдемақылар 19562 мың теңге сомасында төлеуге ескерiлсiн.
Тармақ 4
4. 2007 жылға арналған аудандық бюджетінде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету 22887 мың тенге сомасында ұлғайтуға ескерілсін.
Тармақ 5
5. 2007 жылға арналған ауданның бюджетінде ауылдық жерде жұмыс істеген әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жалақылары мен тарифтік ставкаларын 25 пайызға ұлғайтуға көзделгені екендігі ескерілсін.
Тармақ 6
6. 2007 жылға арналған Қарасу ауданы әкімдігінің резерві 1590 мың теңге сомасында, оның ішінде:
Кезек күттірмейтін шығындарға 1590 мың теңге сомасында аудан (облыстық маңызы бар қала) жергілікті атқарушы органының резерві бекітілсін.
Тармақ 7
7. 2007 жылға арналған аудандық бюджеттің дамыту бюджеттік бағдарламаларының тізбесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 8
8. 2007 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы процесiнде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттiк бағдарламалардың тiзбесi 2-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 9
9. Осы шешім 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 12
Мәслихатының
2006 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 224 шешіміне 1 қосымша
Басқа 13. 2007 жылға аудандық бюджеттін дамыту бюджеттік бағдарламаларының тізбесі
Мәслихатының
2006 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 224 шешіміне 2 қосымша
2007 жылға аудандық бюджеттін дамыту бюджеттік бағдарламаларының тізбесі
Басқа 14. 2007 жылға арналған аудандық бюджетті орындау процесінде жатпайтын бюджеттік бағдарламаларының тізбесі
Мәслихатының
2006 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 224 шешіміне 3 қосымша
2007 жылға арналған аудандық бюджетті орындау процесінде жатпайтын бюджеттік бағдарламаларының тізбесі