О районном бюджете Узункольского района на 2007 год Қолданыста
Басқа 0
Ұзынкөл ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы
Ұзынкөл ауданының 1 қарашадағы 2006 жылғы № 221 әкімдігінің қаулысын қарастырып «Ұзынкөл ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімінін жобасы Ұзынкөл аудандық мәслихатының қарауына қосымшаларға сәйкес енгізілу туралы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылға арналған аудандық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:
Тармақша 1
1) кірістер - 639 336 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер -186 562 мың теңге;
салыққа жатпайтын түсімдер - 370 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер- 21 141 мың теңге;
алынған трансферттер - 431 263 мың теңге, оның ішінде, облыстық бюджеттен алынған субвенциялар - 322 497 мың теңге;
Тармақша 2
2) шығындар - 639 336 мың теңге;
Тармақша 3
3) операциялық сальдо - 0; .
Тармақша 4
4) таза бюджеттік кредиттеу - 0; -
Тармақша 5
5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0;
Тармақша 6
6) бюджеттің тапшылығы - 0;
Тармақша 7
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 0.
Тармақ 2
2. Аудандық бюджет кірістер есебіне қосылады:
жеке тұлғалардың, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
жер салығы;
бірыңғай жер салығы;
жеке және заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық;
мыналарға акциздер:
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген спирттің барлық түріне;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген алкоголь өніміне;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі бұйымдарына;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген құрамында темекі бар басқа да бұйымдарға;
ойын бизнесіне;
лотерея ойынын ұйымдастыруға және өткізуге;
Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған жеңіл автомобильдерге (мүгедектер үшін арнайы жасалған қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа);
бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынына акциздер;
жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төленетін төлем;
жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;
қызметтін жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін алынатын лицензиялық алым;
заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;
аукциондардан алынатын алым;
механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;
жылжымайтын мүлікке және олармен жасалатын мәмілелерге құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;
жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;
аудандық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төленетін төлем;
консулдық алымнан және республикалық бюджеттің есебіне алынатын мемлекеттік баждардан басқа, мемлекеттік баж болып табылады;
коммуналдық меншіктен түсетін кірістер:
аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің шешімі бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысы бөлігінің түсімдері;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтер;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі тұлғаларға қатысу үлестеріне кірістер;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) өкілді органдарының шешімдері бойынша өткізілетін мемлекеттік лотереялардан түсетін кірістердің түсімдері;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінің мүмкін жалға беруден түсетін кірістер;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен берілген кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер);
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінің түсетін басқа да кірістер;
аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландыратын мемлекеттік мекемелердің тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өткізуінен түсетін түсімдер;
аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері;
аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар;
аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне түсетін басқа да салықтық емес түсімдер болып табылады;
аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша;
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;
жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төленетін төлем болып табылады;
аудан (облыстық маңызы бар қала) коммуналдық меншігіндегі мемлекеттік қаржы активтерін сатудан бюджетіне есептеледі.
Тармақ 3
3. Аудандық бюджетте қаражат есебінен алдын ала қарастырылған мемлекеттік атаулы әлеуметтік төленген көмек табысы аз отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге 14 027 мың теңге сомасында шығыстар ескерілді, оның ішінде республикалық трансферты есебінен - 9 229 мың теңге, аудандық бюджеттің қаражаты есебінен - 4 798 мың теңге.
Тармақ 4
4. 2007 жылға арналған аудандық бюджеттің кірістерінде мемлекеттік қызметкерлеріне, мемлекеттік қызметкер емес мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақысын өсіру үшін 79 026 мың теңге сомасында облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілді, соның ішінде әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік фондқа 10622 мың теңге сомасында ақша аударылымдар.
Тармақ 5
5. 2007 жылға арналған аудандық бюджет жалақыны жиырма бес пайызға ұлғайтуға ауыл мекендерінде жұмыс істегендері үшін шығыстар қарастырылды.
Тармақ 6
6. 2007 жылға арналған аудандық бюджетте автомобиль жолдарының қызмет етуін қамтамасыз етуге - 20 511 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер қарастырылсын.
Тармақ 7
7. 2007 жылға арналған Ұзынкөл ауданы атқарушы органының резерві 2 000 мың теңге сомасында бекітілсін, оның ішінде:
жедел шығындарына - 1 000 мың теңге;
табиғи және техногенді сипатты төтенше жағдайларды жою үшін - 1 000 теңге.
Тармақ 8
8. 2007 жылға арналған аудандық бюджет шығындарында "Бастауыш, негізгі және орта мектептер, балабақша-мектептер" кіші бағдарламасы бойынша ағымдағы ұстауға арналған шығыстардың 1 пайызынан кем емес мөлшерінде жалпы міндетті орта білім қорының шығындары ескерілсін.
Тармақ 9
9. 2007 жылға арналган Ұзынкөл ауданы бойынша кенттің, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтік бюджеттік бағдарламалары 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 10
10. Ұзынкол ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджетті орындау процессінде секвестрге жатпайтын бюджеттік бағдарламаларының тізбесі 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 11
11. Осы шешім 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 19
Басқа 20
Басқа 21