О районном бюджете Алтынсаринского района на 2007 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алтынсарин ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы» Қазакстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, 2007 жылға арналған республикалык бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қостанай облыстық мәслихатының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы № 378 «Қостанай облысының 2007 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне және Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 313 «Алтынсарин аудандық мәслихаттың қарауына Алтынсарин аудандық мәслихаттың «Алтынсарин ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімінің жобасын енгізу туралы» каулысына сәйкес Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Алтынсарин ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті 1-қосымшаға сәйкес келесі көлемде бекітілсін:
Тармақша 1
1) кірістер - 447776 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша - 159280 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша - 836 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша - 1816 мың теңге; ресми трансферттер түсімдері бойынша - 285844 мың теңге;
Тармақша 2
2) шығыстар - 447776 мың теңге;
Тармақша 3
3) операциялық сальдо - 0 мың теңге;
Тармақша 4
4) таза бюджеттік несиелеу - 0 мың теңге;
Тармақша 5
5) тапшылық (профицит) - 0 мың теңге.
Тармақ 2
2. 2007 жылға арналған аудандық бюджеттің кірістері Бюджеттік және Салықтық кодекстеріне сәйкес қалыптастырылды және бюджет кірісіне, облыстық бюджетке есептелінетін түсімдерден басқасы, толық көлемде есептеледі.
Тармақ 3
3. 2007 жылға арналған бюжетте облыстық бюджеттен берілетін 217 767 мың теңге сомасындағы субвенциялар көлемі ескерілсін.
Тармақ 4
4. 2007 жылға арналған бюджетте мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке төленетін жәрдемақылар, 18 жасқа дейінгі аз қамтылған отбасыларының балаларына төленетін қаражаттары 7023 мың теңге сомасында, оның ішінде республикалық бюджеттен трансферттер - 4621 мың теңге, аудандық бюджет есебінен - 2402 мың теңге қаражаттар ескерілсін.
Тармақ 5
5. Облыстық бюджетте ауданның бюджетіне мақсатты ағымдағы трансферттер мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік қызметші емес мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлерінің жалақысын 53923 мың теңге сомасында көбейтуге қарастырылғанын ескерілсін.
Тармақ 6
6. Облыстық бюджетте ауданның бюджетіне автомобиль жолдарының қызметін қамтамасыз етуге 9533 мың теңге сомасында мақсатты ағымдағы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін.
Тармақ 7
7. Білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыру және күрделі жөндеуіне қарастырылған шығыстар, бюджеттік аралас қатынастарымен белгіленген көлемінен төмен емес, 2-қосымшаға сәйкес ескерілсін.
Тармақ 8
8. 2007 жылға арналған Алтынсарин ауданының жергілікті атқарушы органның резерві - 900 мың теңге көлемінде бекітілсін, оның ішінде: - табиги және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін - 100 мың теңге; - шұғыл шығындарға - 800 мың теңге.
Тармақ 9
9. 2007 жылға арналған аудандық бюджетін орындау барысында секвестрлеуге жатпайтын аудандық бюджеттік бағдарламалардың тізімі 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 10
10. Ауыл (село), ауылдық (селолық) округтердің, бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 11
11. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.
Басқа 17. 2007 жылға арналған Алтынсарин ауданының бюджеті
Алтынсарин аудандық мәслихатының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 247 шешіміне 1-қосымша 2007 жылға арналған Алтынсарин ауданының бюджеті
Басқа 18. 2004 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 1459 Жарлығымен бекітілген 2005 – 2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асыруға жергілікті бюджеттің шығыстары
Алтынсарин аудандық мәслихатының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 247 шешіміне 2-қосымша 2004 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 1459 Жарлығымен бекітілген 2005 – 2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асыруға жергілікті бюджеттің шығыстары
Басқа 19. 2007 жылға арналған бюджетті орындау барысында секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі
Алтынсарин аудандық мәслихатының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 247 шешіміне 3-қосымша 2007 жылға арналған бюджетті орындау барысында секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі
Басқа 20. 2007 жылға арналған Алтынсарин ауданының ауыл (село), ауылдық (селолық) округтердің бюджеттік бағдарламаларының тізбесі
Алтынсарин аудандық мәслихатының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 247 шешіміне 4-қосымша 2007 жылға арналған Алтынсарин ауданының ауыл (село), ауылдық (селолық) округтердің бюджеттік бағдарламаларының тізбесі