О районном бюджете Мендыкаринского района на 2007 год Қолданыста
Басқа 0
Меңдіқара ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы
2006 жылғы 8 желтоқсандағы № 194-ІІІ Қазақстан Республикасының «2006 жылға арналған республикалық бюджеті туралы» Заңының орындалуы барысында, Меңдіқара ауданы әкімдігінің қаулысын қарап, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексының 80 бабы 2 тармақшасы мен 85 бабына сәйкес, және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Меңдіқара ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті 1 қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 230906 мың теңге, оның ішінде
салықтық түсімдер - 227405 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 1401 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан алынатын түсімдер - 500 мың теңге;
ресми трансферттер түсімдері бойынша - 472760 мың тенге:
оның ішінде облыстық бюджеттен субвенция - 332286 мың теңге;
2) шығындар - 703666 мың тенге;
Тармақ 2
2. Аудандық бюджеттің кірісіне есептелетіндер белгіленсін: аудандық бюджетке салықтық түсімдер:
облыстық маслихатта анықталған, кірістерді бөліп тарату мөлшері бойынша жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы;
облыстық маслихатта анықталған, кірістерді бөліп тарату мөлшері бойынша әлеуметтік салық;
заңды тұлғалардан және жеке кәсіпкерлерден, жеке тұлғалардан мүлікке алынатын салық;
жер салығы;
біріңғай жер салығы;
заңды тұлғалардан және жеке тұлғалардан көлік құралдарына алынатын салық;
акциздер;
Қазақстан Республикасы аймағында шығарылған спирттердің барлық түрлеріне;
Қазақстан Республикасы аймағында шығарылған алкогольді өнімдерге;
Қазақстан Республикасы аймағында шығарылған темекі бұйымдарына;
Қазақстан Республикасы аймағында шығарылған құрамында темекі бар, басқа өнімдерге;
ойынсау бизнесі;
лотерей ұйымдастыру және өткізу;
Қазақстан Республикасы аймағында шығарылған (арнайы мүгедектерге арналған қолмен жүргізілетін автомобильдерден басқа) жеңіл автомобильдер;
дизотын және бензин (авиациялықты шығарғанда);
жер учаскелерін пайдаланғанға төлем;
жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегенге алынатын алым;
қызметтің жеке түрімен айналысу құқығына лицензиялық алым;
заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегенге алынатын алым;
аукцоннан алынатын алым;
механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді тіркегенге алынатын алым;
жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын шартқа құқықтарды мемлекеттік тіркегенде алынатын алым;
жалпы пайданылуға арналған автокөлік жолдарының бұру жолағындағы және елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнамаларды орналастырғаны үшін төлем;
республикалық бюджетке аударылатын мемлекеттік баж және консулдық алымнан басқа мемлекеттік баж;
аудан бюджетіне салық емес түсімдер болып табылады:
коммуналдық меншіктен түсетін кірістер;
аудан әкімдігінің шешімі бойынша құрылған мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың таза кіріс бөлігінің түсімдері;
аудандық коммуналдық меншікке жататын мемлекеттік акциялар пакеттеріне түсетін дивиденттер;
аудандық коммуналдық меншікке кіретін заңды тұлғалардың катысу үлесінің кірістері;
аудандық өкілдік ұйымның шешімі бойынша өткізілетін мемлекеттік лотерейлерден түсетін кірістер;
аудандық коммуналдық меншікті жалға беруден түсетін түсімдер;
аудандық бюджеттен берілген несие қарыз бойынша (ықылас) сыйлық беру;
құқылы жалға берілген жер учаскесін сатудан түскен төлем;
аудандық коммуналдық меншіктен түсетін басқа да кірістер;
аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларын (жұмыстар, қызметтер) іске асырудан түсетін түсімдер;
аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелермен ұйымдастырылатын мемлекеттік сатып алулары өткізуден түсетін түсімдер;
аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелермен салынатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, төлетулер;
аудандық бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдер;
аудандық бюджетке негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады: аудандық бюджеттен қаржыландырылатын бекітілген мемлекеттік мекемелерге мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін акша;
жер учаскесін сатудан түсетін түсімдер.
Облыстық бюджеттен түсетін ресми трансферттер аудан бюджетіне түсетін ресми трансферттер болып табылады.
Жергілікті аудандық тындырымды ұйымның қарыз беруі, аудандық коммуналдық меншікке жататын мемлекеттің қаржы активтерін сатудан алынатын түсімдер, аудандық бюджеттен берілген несие қарыздың өтеуінен түсетін түсімдер аудандық бюджетке аударылады.
Тармақ 3
3. Жергілікті бюджеттерде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге қарастырылған қаражат есебінен тұрмысы нашар отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге - 19100 мың теңге сомасында, оның ішінде облыстық бюджеттен алынған трасферттер есебінен -12567 мың теңге, аудан бюджеті қаражаты есебінен - 6533 мың теңге қарастырылуы қажет екені ескерілсін.
Тармақ 4
4. 2007 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық жерлерде жұмыс істеу үшін жиырма бес пайыз мөлшерінде әлеуметтік қорғау және мәдениет, білім саласындағы қызметкерлерге көтермелеуді төлеуге шығындар 109314 мың теңге сомасында, нысаналы ағымдағы трансферттер есебінен ескерілсін.
Тармақ 5
5. 2007 жылға арналған аудандық бюджетте автомобиль жолдары қызметін қамтамасыз етуге нысаналы ағымдағы трансферттер 11706 мың теңге сомасында облыстық бюджеттен қарастырылсын.
Тармақ 6
6. 2007 жылға арналған Меңдіқара ауданының жергілікті аткарушы орган резерві 500 мың теңге сомасында бекітілсін.
Тармақ 7
7. 2007 жылғы аудан бюджетінің шығыстарында ағымды ұстаудағы шығындардың мөлшері бір пайыздан кем емес «Бастауыш, негізгі және орта мектептер, мектептер - бала-бақшалар» жалпы орта білім беру ішкі бағдарламасы бойынша қорының шығыны ескерілсін.
Тармақ 8
8. Бюджеттің шығыстарында автомобиль жолдары қызметін қамтамасыз етуге 18593 мың теңге сомасында шығындар қарастырылсын.
Тармақ 9
9. 2-ші қосымшаға сәйкес 2007 жылға арналған жергілікті бюджетті орындау процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі бекітілсін.
Тармақ 10
10. 3-ші қосымшаға сәйкес Меңдіқара ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеттің ағымды бюджеттік бағдарламаларының тізбесі бекітілсін.
Тармақ 11
11. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынаң бастап күшіне енеді.
Басқа 12