О бюджете Житикаринского района на 2007 год Қолданыста
Басқа 0
Жітіқара ауданының 2007 жылға арналған бюджеті туралы
Жітіқара ауданы әкімдігінің қаулысын қарап, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 1) тармақшасына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылға арналған аудандық бюджет 1 қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:
Тармақша 1
1) кірістер - 1078901 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 881133 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 2500 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 3600 мың теңге;
ресми трансферттер түсімдері бойынша - 191668 мың теңге;
Тармақша 2
2) шығындар - 1078901 мың теңге.
Тармақ 2
2. Бюджеттік кодекске сәйкес кірістердің толық көлемде ауданның бюджетіне есептелуін белгілеу.
Тармақ 3
3. 2007 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен бюджеттік субвенциялар көлемі 17124 мың теңге сомасында көзделсін.
Тармақ 4
4. 2007 жылға арналған аудандық бюджетте нысаналы ағымдағы трансферттердің келесі көлемдерде көзделуі есепке алынсын:
Тармақша 1
1) 136639 мың теңге - мемлекеттік қызметкерлерге, мемлекеттік қызметкерлер болып табылмайтын, мемлекеттік мекемелер жұмысшыларына және қазыналық кәсіпорындардың жүмысшыларына еңбек ақы төлеу үшін, оның ішінде:
15622 мың теңге - әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорына аударылатын, аудармаларға;
3620 мың теңге - селолық жерлерде жұмысқа төлеу үшін;
Тармақша 2
2) 22437 мың теңге - тұрмысы нашар отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдем ақыларды төлеу үшін;
Тармақша 3
3) 15468 мың теңге - аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, оның ішінде:
2900 мың теңге - жолдардың орта жөндеуіне;
12568 мың теңге - жолдарды ұстау және көгаландыру үшін.
Тармақ 5
5. Аудандық бюджет қаражаттары есебінен тұрмысы нашар отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдем ақыларды төлеуге - 1780 мың теңге сомасында шығындардың көзделгені есепке алынсын.
Тармақ 6
6. 5126 мың теңге сомасында 2007 жылға арналған Жітіқара аудандық әкімдігінің резерві, оның ішінде 5126 мың теңге сомасында сот шешімдері бойынша міндеттерді атқаруға резерві бекітілсін.
Тармақ 7
7. Инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) іске асырылуына және заңды тұлғалардың жарғылық капиталының көбеюі мен қалыптасуына бағытталған, бюджеттік бағдарламаларға бөленуімен Жітіқара ауданы бюджетінің бюджеттік даму бағдарламалар тізбесі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 8
8. 2007 жылға арналған аудандық бюджетті орындау барысында секвестрге жатпайтын, бюджеттік бағдарламалар тізбесі, 3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 9
9. Жітіқара ауданының село, селолық округтер аппараттарының бюджеттік бағдарламалары 4 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 10
10. Шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 16. Жітіқара ауданының 2007 жылға арналған бюджеті
2006 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 388 шешіміне
1-қосымша
Жітіқара ауданының 2007 жылға арналған бюджеті
Басқа 17. Инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) іске асырылуына және заңды тұлғалардың жарғылық капиталының көбеюі мен қалыптасуына бағытталған, бюджеттік бағдарламаларға бөленуімен Жітіқара ауданы бюджетінің бюджеттік даму бағдарламалар тізбесі
2006 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 388 шешіміне
2-қосымша
Инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) іске асырылуына және заңды тұлғалардың жарғылық капиталының көбеюі мен қалыптасуына бағытталған, бюджеттік бағдарламаларға бөленуімен Жітіқара ауданы бюджетінің бюджеттік даму бағдарламалар тізбесі
Басқа 18. 2007 жылға арналған аудандық бюджетінің іске асырылуы барысында секвестірге жатпайтын, бюджеттік бағдарламалар тізбесі
2006 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 388 шешіміне
3-қосымша
2007 жылға арналған аудандық бюджетінің іске асырылуы барысында секвестірге жатпайтын, бюджеттік бағдарламалар тізбесі
Басқа 19
Басқа 20. Жітіқара ауданының село, селолық округтер аппараттарының бюджеттік бағдарламалары
2006 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 388 шешіміне
4-қосымша
Жітіқара ауданының село, селолық округтер аппараттарының бюджеттік бағдарламалары