Об определении целевых групп населения и мер по содействию занятости и социальной защите в 2007 году Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.11.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылы халықтың нысаналы топтарын және жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу жөніндегі шараларды белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5, 7-баптарына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Келесі санаттағылар халықтың нысаналы топтары деп белгіленсін:
Тармақша 1
1) табысы аз адамдар;
Тармақша 2
2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
Тармақша 3
3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қарауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
Тармақша 6
6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
Тармақша 7
7) мүгедектер;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
Тармақша 9
9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
Тармақша 10
10) оралмандар;
Тармақша 11
11) ұзақ уақыт жұмыспен қамтылмағандар (он екі айдан астам);
Тармақша 12
12) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
Тармақша 13
13) жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген елу жастан асқан адамдар;
Тармақ 2
2. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (әрі қарай - уәкілетті орган) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыру жөніндегі шараларды қарастырсын:
Тармақша 1
1) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды әлеуметтік қорғау жөнінде шаралар қолдансын;
Тармақша 2
2) халықтың нысаналы топтарына жататын орналасуына жәрдемдесуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) халықтың нысаналы топтарына жататын орналастыруға бақылауды жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Жүмыс берушілерге ұсынылсын:
Тармақша 1
1) халықтың нысаналы топтарына жататын орналасуына жәрдемдесу;
Тармақша 2
2) уәкілетті органға ұйымның жойылуына, санының немесе штаттың қысқаруына байланысты алдыңғы уақытта жұмыстан босатылатын жұмыскерлер туралы, жұмыстан босатылатын жұмыскерлердің лауазымдары мен кәсіптерін, мамандықтарын, біліктіліктерін және еңбекақы көлемдерін көрсете отырып, жұмыстан босатылуы мүмкін жұмыскерлердің саны мен санаты және олардың жұмыстан босатылатын мерзімдері туралы толық көлемдегі ақпаратты олардың жұмыстан босатылғанына дейін кемінде бір ай ішінде берсін;
Тармақша 3
3) бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы мәліметтерді ол пайда болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға берсін;
Тармақша 4
4) уәкілетті орган берген жолдамадағы тиісті белгі арқылы себебін көрсете отырып, жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы (уәкілетті орган азаматтарды жіберген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде) уақытында хабарласын.
Тармақ 4
4. Рудный қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 26 желтоқсандағы № 1016 «2006 жылы халықтың нысаналы топтарын және жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу жөніндегі шараларды белгілеу туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-2-32, 2006 жылғы 25 қаңтарда «Рудненский рабочий» газетінде № 6 болып жарияланған, Рудный қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 23 мамырдағы № 407 «Әкімдіктің 2005 жылғы 26 желтоқсандағы № 1016 «2006 жылы халықтың нысаналы топтарын және жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу жөніндегі шараларды белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы», мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-2-52, 2006 жылғы 5 шілдеде «Рудненский рабочий» газетінде № 54 болып жарияланған қаулысымен өзгеріс енгізілді) қаулысы күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А. Ишмұхамбетовқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.