Об организации оплачиваемых общественных работ в 2007 году Қолданыста
Басқа 0
2007 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыру туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Казакстан Республикасы Заңының 7, 20-баптарының, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «2001 жылгы қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысының негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жұмыссыздар үшін жұмыс ұйымдастырушы қоса беріліп отырған кәсіпорындардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қоғамдық жұмыстардағы жұмыссыздардың еңбекақы көлемі жергілікті (қалалық) бюджет қаражаты есебінен 1,5 мөлшерде ең төменгі жалақы көлемінде белгіленсін.
Тармақ 3
3. Тізбеде анықталған кәсіпорындардың басшылары жұмыспен қамту мәселесі бойынша уәкілетті органмен қоғамдық жұмыстарды орындауға шарт жасау үшін жұмыстардың нақты түрлерін анықтасын.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және көлік бюджеттік бағдарламаларының әкімгерлері қосымшаға сәйкес тізбеде анықталған кәсіпорындар жұмыстар мен қызметтерге төлеу кезінде қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерін ескерсін.
Тармақ 5
5. Рудный қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 26 желтоқсандағы № 1014 «2006 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-2-31, 2006 жылғы 20 қаңтарда "Рудненский рабочий" газетінде № 4-5 болып жарияланған, Рудный қаласы әкімдігінің 2006 жылғы каңтардағы № 32 "Әкімдіктің 2005 жылғы 26 желтоқсандағы № 1014 «2006 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы", мемлекеттік тіркеу номірі 9-2-37, 2006 жылғы 10 наурызда "Рудненский рабочий" газетінде № 20-21 болып жарияланған қаулысымен, Рудный қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі № 392 «Әкімдіктің 2005 жылғы 26 желтоқсандағы № 1014 "2006 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" каулысына толықтыру енгізу туралы», мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-2-48, 2006 жылғы 31 мамырда «Рудненский рабочий» газетінде № 44 болып жарияланған қаулысымен, Рудный қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 26 қыркүйектегі № 783 «Әкімдіктің 2005 жылғы 26 желтоқсандағы № 1014 «2006 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйдастыру туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы», мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-2-60, 2006 жылғы 11 қазанда «Рудненский рабочий» газетінде № 82 болып жарияланған қаулысымен толықтырулар енгізілді) қаулысы күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А. Ишмұхамбетовқа жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Жұмыссыздар үшін жұмыс ұйымдастырушы кәсіпорындардың тізбесі,
қогамдық жұмыстардың түрлері және колемі
Рудный қаласы әкімдігінің
2006 жылғы 27 қарашадағы
№ 1151қаулысына
қосымша
Жұмыссыздар үшін жұмыс ұйымдастырушы кәсіпорындардың тізбесі,
қогамдық жұмыстардың түрлері және колемі
№
Кәсіпорындардың тізбесі
Жұмыстардың түрлері
Жұмыстардың көлемдері
1
Рудный қаласы әкімдігінің "Зеленстрой» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қаланың жасыл көшеттерін күту жұмыстарына көмек көрсету
Көлік құралдарына бұтақтарды және агаштарды тиеу
Аз мөлшерлі құралдармен сүйретпелі жүктерді тасымалдау
Жәшіктерді тиеу және түсіру
Жәшіктерді дайын өсімдік қоспамен толтыру
Өсімдік қоспаны елеуіштен өткізу
Әкелінген топырақты шашу
831900 шаршы метр
80 куб метр
37 тонна
1500 дана
2200 дана
60 куб метр
620 куб метр
2
Рудный қаласы әкімдігінің "РАХАТ" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қала аумагын күнделікті жинауда көмек көрсету
Қаланы абаттандыру бойынша жұмыстарды өткізуде көмек көрсету
1200000 шаршы метр
80000 шаршы метр
3
Рудный қаласы әкімдігінің "СПУТНИК" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Коммуналдық тұргын үйді күзетуде көмек көрсету
Аумақты күнделікті жинауда көмек көрсету
Қоқыс құбырларын күнделікті
тазалауда көмек көрсету
Жертөлелерді жинауда көмек көрсету
Шатырларды қаптауда көмек көрсету
1 объект
153000 шаршы метр
10 құбыр
90 үй
80 үй
4
Рудный қаласы әкімдігі қалалық білім бөлімінің «Балалар тәрбиелеу-сауықтыру кешені» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Балалар клубтарының бөлмелерін күнделікті жинау
4750 шаршы метр