Об утверждении Инструкции об организации ифинансировании общественных работ и перечня предприятий, предоставляющих рабочие места для организации общественных работ на 2007 год по городу Лисаковску Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.11.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Коғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы нұсқаулықты және 2007 жылға арналған Лисаков қаласы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын ұсынатын кәсіпорындардың тізбесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазакстан Республикасы Заңыкың 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінщ 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне сәйкес, жұмыссыздықпен туындаған әлеуметтік проблемаларды шешу мақсатында, Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырғандар бекітілсін: Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы нұсқаулық; 2007 жылға арналған Лисаков қаласы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын ұсынатын кәсіпорындардың тізбесі.
Тармақ 2
2. Тізбеде белгіленген кәсіпорындардың басшылары 2007 жылы қоғамдық жұмыстардың жүргізілуін ұйымдастыру және "Лисаков қаласының халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен қоғамдық жұмыстарды орындауға шарттар жасау үшін коғамдық жұмыстардың түрлерін, көлемі мен нақты жағдайларын анықтау үсынылсын.
Тармақ 3
3. "Лисаков қаласының халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар болімі" мемлекеттік мекемесі (Садықова Ф.С.) тіркелу күніне сәйкес кезектілік тәртібімен есепте түрған жұмыссыздарды кәсіпорындарға жіберсін. Қоғамдық жұмыстарға қатысуға халықтың нысаналы топтарына кіретін жұмыссыздар басымдық құқыққа ие.
Тармақ 4
4. "Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламаның әкімшісі "Лисаков қаласының тұрғын үй-коммуналдық, жол шарүашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Соколова Т.В.) Лисаков қаласы әкімиятының "Үста" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен көрсетілетін жұмыстар мен кызметтерге ақы төлеу кезінде қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерін ескерсін.
Тармақ 5
5. "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы нұсқаулықты және 2006 жылға арналған Лисаков қаласы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын ұсынатын кәсіпорындардың тізбесін бекіту туралы" Лисаков қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 13 желтоқсандағы № 817 қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылдың 17 қаңтарында № 9-4-37 болып тіркелген, 2006 жылғы 26 қаңтардағы № 4 "Лисаковская новь" газетінде жарияланған).
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары В.В. Абоимоваға жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы оны алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы НҰСҚАУЛЫҚ
Қала әкімдігінің 2006 жылғы "14 " қарашадағы № 1146 қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы НҰСҚАУЛЫҚ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қоғамдық жұмыстарды үйымдастыру мен қаржыландыру туралы осы нұсқаулық (одан әрі - Нұсқаулық) "Халықты жұмыспен қамту туралы" Казақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 200 І жылғы 29 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережелеріне сәйкес әзірленді. Нұсқаулық жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстарды үйымдастыру және қаржыландыру тәртібін анықтайды және жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстар үйымдастырылатын кәсіпорындармен негізгі шарттарды және есеп айырысу жүйесін реттейді.
Тармақ 2
2. Ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамалық кесімдер қолданылады.
Тармақ 3
3. Нұсқаулықта қолданылатын негізгі үғымдар: қоғамдық жұмыстар - жергілікті атқарушы органдарымен ұйымдастыратын, жұмысшының алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, әлеуметтік пайдалы бағыты бар және азаматтарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органдардың жолдамасымен олар орындайтын еңбек қызметінің түрлері; жергілікті атқарушы орган - қала әкімі басқаратын, тиісті аумақты жергілікті мемлекеттік басқарудың оз қүзыреті шегінде жүзеге асыратын әкімдік; өкілетті орган - халықты жұмыспен қамтуға көмектесуге және өңірлік деңгейде жұмыссыздан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін жергілікті атқарушы органдардың қүрылымдық бөлімшесі (одан әрі -өкілетті орган); нысаналы топтар - "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген, жұмысқа түруға қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды талап ететін түлғалар тобы.
Тарау 2. 2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі
2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 4
4. Қоғамдық жұмыстары үйымдарда жергілікті атқарушы орган ұйымдастырады және жергілікті бюджеттің қаражатынан қаржыландырылады.
Тармақ 5
5. Жұмыссыздарды уақытша жұмыс орындарымен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдар мынандай шараларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) қоғамдық жұмыстарга сұраныс пен ұсыныс айқындалады;
Тармақша 2
2) қоғамдық жұмыстар жүргізілетін үйымдардың тізбесі, қоғамдык жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары бекітіледі.
Тармақ 6
6. Уәкілетті орган қоғамдық жұмыстарды орындауға жұмыс берушілермен шарт жасасады.
Тармақ 7
7. Қоғамдық жұмыстар уақытша жұмыс орындарын ашу жолымен ұйымдастырылады.
Тармақ 8
8. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді уәкілетті орган тіркелу күніне сәйкес кезектілік тәртібімен жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Халықтың нысаналы топтарына кіретін жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға басым тәртіппен қатысуға құқығы бар.
Тармақ 10
10. Жұмыс беруші мен қоғамдык жұмыстарға қатысатын жұмыссыз арасында еңбек туралы заңнамаға сәйкес жеке еңбек шарты жасалады.
Тармақ 11
11. Қоғамдық жұмыстарға қатысуды дәлелсіз себептермен, өз бетінше тоқтатқан жұмыссыздар уәкілетті органда қайтадан тіркелген күннен бастап үш ай өткеннен кейін ғана қоғамдық жұмыстарға қайтадан жіберілуі мүмкін.
Тарау 3. 3. Қаржыландыру көздері мен шарттары
3. Қаржыландыру көздері мен шарттары
Тармақ 12
12. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу жеке еңбек шартының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.
Тармақ 13
13. Қоғамдык жұмыстарға қатысқаны үшін жұмыссыздарға есептелген жалақыға заңнамада белгіленген тәртіппен салық салынады.
Тармақ 14
14. Қоғамдык жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға уақытша жұмысқа жарамсыздығы, жарақаттануынан немесе денсаулығыңыз өзге де закымдануынан келтірілген зиянды өтеу жөніндегі әлеуметтік жәрдемақы төлеуді қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жұмыс беруші жүргізеді.
Тармақ 15
15. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға еңбекақы, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, жалақыны есептеу бойынша банк қызметтеріне төлемақы жұмыс берушілердің шығыстары орындалған жұмыстар актісі негізінде жергілікті бюджет қаражатынан өтеледі. Бюджеттік қаражаттар нысаналы мақсатта катаң түрде пайдалануға тиіс жұмыс берушілердің есеп айырысу шоттарына аударылады.
Тарау 4. 4. Қоғамдық жұмыстарды үйымдастыру мен қаржыландырудың тәртібін бақылау
4. Қоғамдық жұмыстарды үйымдастыру мен қаржыландырудың тәртібін бақылау
Тармақ 16
16. Қоғамдық жұмыстарды үйымдастыру мен қаржыландырудың тәртібін бақылау мемлекеттік органдар заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Басқа 31. 2007 жылға арналған Лисаков қаласы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын ұсынатын кәсіпорындардын ТІЗБЕСІ
Қала әкімдігінің 2006 жылғы "14" қарашадағы № 1146 қаулысымен бекітілген 2007 жылға арналған Лисаков қаласы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын ұсынатын кәсіпорындардын ТІЗБЕСІ № р/р Кәсіпорынның атауы Қоғамдық жұмыстардың түрі Қоғамдық жұмыстардың көлемдері Қоғамдық жұмыстардың шарттары 1 2 3 4 5 1 Лисаков қаласы әкімиятының «Ұста» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Елді мекендердің аймағын жинауда көмек 98280000 шаршы метр Лисаков қаласының, Октябрь поселкесін, Красногор селосының аумағын ұдайы қолмен санитарлық тазалау, 16380 адам-күн