«О районном бюджете на 2007 год» Қолданыста
Басқа 0
«2007 жылға арналған аудандык бюджет туралы»
Қазақстан Республикасының бюджеттік Кодексінің 85 бабына, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабыныц 1 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. 2007 арналған аудандық бюджетті 1 қосымшаға келісті келесі көлемде бекіту:
Тармақша 1
1) кіріс - 1 499 903 мың теңге;
соның ішінде:
салық түсімдері бойынша - 348 703 мың теңге;
салық емес түсімдері бойынша - 1 660 мың теңге;
қаражат кірістерін сатудан түсім - 25 472 мың теңге;
трансферттер түсімі бойынша - 1 124 068 мың теңге;
Тармақша 2
2) шығыс - 1 487 554 мың теңге;
Тармақша 3
3) операциалық сальдо - 12 349 мың теңге;
Тармақша 4
4) таза бюджеттік несие – 0
Тармақша 5
5) қаржы активтерінің
операциялары бойынша сальдо - 12 349 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу - 12 349 мың теңге;
Тармақ 2
2. 2007 жылға арналған аудандық бюджеттің кipicтepi Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексімен келесі салықтық түсімдер есебінен қалыптастырылды деп белгіленсін:
төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы;
төлем көзінен ұсталмайтын кірістердің жеке табыс салығы;
қызметін бip реттік талон бойынша жүзеге асыратын жеке тұлғалардың жеке табыс салығы;
заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық;
жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
жер салығы;
аксиздер;
заңды және жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салык;
бірыңғай жер салығы;
жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемдер;
кәсіпкерлік және кәсіби қызмет жүргізгені үшін алымдар;
мемлекеттік баж.
Тармақ 3
3. Аудандық бюджеттердің келесі кipicтepi салықтан тыс түсімдерден қалыптасады. Төменгі тұрған бюджеттердің кipicтepi келесі салықтық емес түсімдерден қалыптасады деп белгіленсін:
аудандық коммуналдық меншік мүліктерін жалға беруден түскен кipicтep;
салықтан басқа түсімдер.
Тармақ 4
4. Аудандық бюджет кірістерінің құрастырылуы ел ішіндегі қаржылық активтерді сатудан түскен келесі түсімдер есебінен белгіленсін:
өндірістік ғимараттарды және құрылыстарды, ауыл шаруашылық туріндегі емес жерлерді сатудан түсетін тусімдер.
Тармақ 5
5. 2007 жылғы аудандық бюджеттің шығыстарында ауылдық жердегі денсаулық сақтау, білім бөлімінің, әлеуметтік қамтамассыз ету, тіл және мәдениет бөлімдерінің қызметкелеріне әлеуметтік көмек ретінде жылу сатып алуына көмектесуді белгілеу.
Тармақ 6
6. 2007 жылы мемлекеттік қызметкерлердің, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерінің, мемлекеттік қызметкер еместердің, жеке меншік емес кәсіпорындардың қызметкерлерінің еңбек ақыларын толық көлемде төлеу.
Тармақ 7
7. Елді мекендерде қызмет ететін мемлекеттік қызметкер емес, білім, мәдениет және спорт мамандарына, әлеуметтік камтамасыз ету саласының кызметкерлерінің лауазымдық жалақыларын қала жағдайындағы осы қызметтер бойынша қызмет еттетіндердің лауазымды жалақысын (тарифтік ставкадағы) көтерілуін 25 пайызда сақтау.
Тармақ 8
8. 2007 жылға арналған аудандық жергілікті атқарушы органның резерві 1062 мың теңгеге бекітілсін,оның ішінде:
төтенше резерв —1062 мың тенге.
Тармақ 9
9. 2007 жылға арналған аудандық бюджетті дамытуда бюджеттік бағдарламалардың тізбесін 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 10
10. 2007 жылға арналған аудандық бюджетті орындау барысында секвестрлеуге жатпайтын аудандық бюджеттік бағдарламалар тізбесін 3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 11
11. 2007 жылғы аудандық бюджеттің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге арналған қаражатынан шығындарынан күн көpici төмен отбасының 18 жасқа толмаған балаларына 4808 мың тенге сомасындағы мемлекеттік жәрдемақы төлеуді есепке алу.
Тармақ 12
12. 2007 жылғы аудандық бюджеттің шығындарын жергілікті атқарушы органдарының шешімімен жеке категориялы азаматтарға әлеуметтік төлемдерге 1604 мың теңге соммасында белгілеу.
Тармақ 13
13. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді
Басқа 19. Ғабит Mycipeпов атындағы ауданның 2007 жылғы бюджеті
2006 жылғы 25 желтоқсандағы
аудандық мәслихаттың
№ 33-3 шешіміне қосымша 1
Ғабит Mycipeпов атындағы ауданның 2007 жылғы бюджеті
Басқа 20. 2007 жылғы аудан бюджетінің бағдарламасының даму тізімін инвестициондық жобаға және бюджет бағдарламасына бөлу тізімі
2006 жылғы 25 желтоқсандағы
аудандық мәслихаттың № 33-3
шешіміне қосымша 2
2007 жылғы аудан бюджетінің бағдарламасының даму тізімін инвестициондық жобаға және бюджет бағдарламасына бөлу тізімі
Басқа 21. 2007 жылғы ауданының бюджетінің бағдарламасының орындалуында секвестрлеуге жатпайтындар тізбесі.
2006 жылғы 25 желтоқсандағы
аудандық мәслихаттың № 33-3
шешіміне қосымша 3
2007 жылғы ауданының бюджетінің бағдарламасының орындалуында секвестрлеуге жатпайтындар тізбесі.