2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы № 548-П 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылға арналған аудандық бюджет 1 қосымшаға сәйкес келесі көлемдерде бекітілсін:
Тармақша 1
1) тусімдер - 1 116 114 мың теңге, соның ішінде: салық түсімдері - 90 579 мың теңге салықтан тыс түсімдер - 1219 мың теңге негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 5 400 мың теңге ресми трансферттердің түciмi - 1018916 мың теңге
Тармақша 2
2) шығындар - 1 116 114 мың теңге
Тармақша 3
3) операциялық сальдо - 0 мың теңге
Тармақша 4
4) бюджеттік несие беру - 0 мың.теңге
Тармақша 5
5) қаржылық активтер операциялары бойынша сальдо - 0 мың теңге
Тармақша 6
6) бюджет тапшылығы 0 мың.теңге
Тармақша 7
7) бюджетті қаржылау тапшылығы 0 мың.теңге
Тармақ 2
2. 2007 жылға арналған аудандық бюджеттің кipicтepi Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне сәйкес келесі салықтық түсімдер есебінен қалыптастырылады деп белгіленсін: жеке табыс салығынан; мүлік салығынан; жер салығынан; көлік құралдарына салынатын салық; бірыңғай жер салығынаан; табиғат және басқа да ресурстарды пайдаланудан түскен түсімдер; кәсіпкерлік және кәсіби қызмет жүргізгені үшін алымдар; республикалық бюджетке енгізілетін мемлекеттік баждан басқа мемлекеттік баж.
Тармақ 3
3. Аудандық бюджеттің кipicтepi келесі салықтық емес түсімдер есебінен қалыптастырылады деп белгіленсін: аудан әкімдігінің коммуналдық меншігіндегі мүліктерді жалға беруден түскен кipicтep; жергілікті бюджеттің басқа да салықтық емес түсімдері;
Тармақ 4
4. Аудандық бюджеттің кipicтepi келесі негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер есебінен қалыптастырылады деп белгіленсін: жерді сату
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Үкіметімен айқындалған тіртіпте келесі ұйымдармен ұсынылатын тауарлар мен қызметтерді сатудан түскен түсімдер белгіленсін: мемлекеттік білім беру мекемелері; мемлекеттік кітапханалар;
Тармақ 6
6. 2007 жылға арналған аудандық бюджеттің шығыстарында ауылдық жерлерде қызмет ететін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет мамандарына әлеуметтік көмек көрсетуге, отын сатып алуға төлемдер көзделгені белгіленсін.
Тармақ 7
7. Ауылдық жерлерде қызмет ететін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандарының лауазымдық жалақыларын (тарифтік ставкалары) 25 пайызға жоғарылатылған лауазымдық жалақыларын сақтау.
Тармақ 8
8. Ауданның жергілікті атқарушы органының 2007 жылға резерві 1000 мың теңге көлемінде бекітілсін, соның ішінде: шұғыл шығындар қоры - 1000 мың теңге.
Тармақ 9
9. 2007 жылға арналған аудандық бюджетті дамыту бюджеттік бағдарламаларының тiзбeci бюджеттік инвестициялық жобаларға және бағдарламаларға бөлумен 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 10
10. 2007 жылға арналған аудандық бюджетті орындау барысында секвестірлеуге жатпайтын аудандық бюджеттік бағдарламалар тізбесі 3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 11
11. 2007 жылға арналған әpбip ауылдық (селолық) округтердің бюджеттік бағдарламалар тізбесі 4 қөсымшаға бекітілсін.
Тармақ 12
12. 2007 жылға арналған аудандық бюджеттің шығыстарында аз қамтылған отбасыларына 18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы жәрдемақылар төлеуге, атаулы мемлекеттік әлеуметтік төлемі есебінен 6525 мың теңге сомасында көзделген белгіленсін.
Тармақ 13
13. 2007 жылға арналған аудандық бюджеттің шығындарында аз Қамтылған жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек белгіленсін, соның ішінде:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысына қатынасқандар және оларға теңестірілген азаматтарға авиатур ұйымдастыруға;
Тармақша 2
2) Ұлы Отан соғысына қатынасқандар және мүгедектерге тic протездеріне;
Тармақша 3
3) Ұлы Отан соғысына қатынасқандар және мүгедектерге монша мен шаштараз кызметіне;
Тармақша 4
4) жеке санаттағы азаматтарды санаторлық-курортық емдеуге;
Тармақша 5
5) аз қамтылған отбасылардың балаларын оқытуға әлеуметтік көмек көрсетуге;
Тармақша 6
6) туберкулездің ашық формасымен ауырғандарға қосымша тамақтандыруына жәрдемақы беруге;
Тармақша 7
7) туберкулезбен ауыратындарға жолақысына төлем жасауға.
Тармақ 14
14. 2007 жылға арналған аудандық бюджетте нысаналы трансферттер республикалық бюджеттен келесі мөлшерінде есепке алынсын:
Тармақша 1
1) сумен жабдықтау жуйесін дамыту - 174 295 мың.теңге
Тармақша 2
2) мүгедектерді оңалту бағдарламасына сәйкес мұқтаж етуші мүгедектерді гигиеналық құралдармен, жеке көмекшілермен және ыммен түсінісу тілі мамандарымен қамтамасыз ету үшін - 1036 мың.теңге, соның ішінде: міндетті гигиеналық құралдар - 477 мың.теңге жеке көмекшілер қызметі - 458 мың.теңге ыммен түciнicy тілі мамандарының кызметі - 101 мың.теңге
Тармақша 3
3) 2005-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік білімді дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға 91 043 мың.теңге, соның ішінде: орта жалпы мемлекеттік білім мекемелерінде физика кабинеттерін оқу құралдарамен жабдықтауға - 8460 мың.теңге; орта жалпы мемлекеттік білім мекемелерінде типтік штаттардың ұсталуын қамтамасыз етуге - 45731 мың теңге; жаңадан ашылатын білім объектілеріне - 26 327 мың теңге; 303 мың теңге - тестілеу пункттеріне балаларды жеткізу мен жатуына, тамақтандыруды ұйымдастыруға; 1 673 мың.теңге - Интернет жуйесіне қосылуға және жалпы орта білім беру мемлекеттік мекемелердің трафик төлеміне; 3000 мың.теңге - жалпы орта білім беру мемлекеттік мекемелердің кітапханалық қорын жаңарту үшін оқу-методикалық кешендерін, кітаптарды сатып алу мен жеткізу; 5 549 мың.теңге - жалпы орта білім беру мемлекеттік мекемелерде лингафондық және мультимедиялық кабинеттердің ашылуына;
Тармақша 4
4) 775 мың.теңге - жалпы орта білім беру мемлекеттік мекемелердің кітапхана қорларын жаңартуға, мемлекеттік тілді оқыту үшін оқу, аңықтамалық және электрондық әдебиеттерін алу мен жеткізу;
Тармақша 5
5) 2345 мың.теңге - мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіліктерді бөлу шеңберінде тапсырылатын әкімшілік функцияларына;
Тармақша 6
6) 18 288 мың.теңге - аз қамтылған отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына жәрдемақылар төлеуге
Тармақша 7
7) 87 984 мың.теңге - мемлекеттік қызметшілер, мемлекеттік қызметшілерге жатпайтын және қазыналық кәсіпорындарының қызметкерлеріне жалақы төлеміне.
Тармақша 8
8) электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамыту - 5020 мың теңге.
Тармақ 15
15. 2007 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер келесі мөлшерінде есепке алынсын:
Тармақша 1
1) 71 205 мың.теңге - елді-мекенді сумен қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) 5842 мың.теңге - автожолдарды жөндеу, ұсталу жұмыстарына;
Тармақша 3
3) 5 760 мың.теңге - орта білімді ақпараттандыруға;
Тармақша 4
4) 11 948 мың.теңге - мемлекеттік кызметшілер, мемлекеттік қызметшілерге жатпайтын және қазыналық кәсіпорындарының қызметкерлерінің жалақысының көтерілуіне орай әлеуметтік салық бойынша аударымдарға.
Тармақ 16
16. Осы шешімің күші 2008 жылдың 1 қаңтарына дейін сақталады.
Басқа 43. 2007 жылға арналған Уәлиханов ауданының бюджеті
Аудандық мәслихаттын 2006 жылғы 26 желтоқсандағы №2-29с шешіміне №1 қосымша 2007 жылға арналған Уәлиханов ауданының бюджеті
Басқа 44. 2007 жылға арналған аудандық бюджеттік дамыту бағдарламаларының тізбесі
Аудандық мәслихаттын 2006 жылғы 26 желтоқсандағы №2-29с шешіміне №2 қосымша 2007 жылға арналған аудандық бюджеттік дамыту бағдарламаларының тізбесі
Басқа 45. 2007 жылғы аудандық бюджеттің орындалуы барысында секвестрге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың Тізбесі
Аудандық мәслихаттын 2006 жылғы 26 желтоқсандағы №2-29с шешіміне №3 қосымша 2007 жылғы аудандық бюджеттің орындалуы барысында секвестрге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың Тізбесі
Басқа 46. 2007 жылға арналған эрбір ауылдық (селолық) округтердің бюджеттік бағдарламаларының тізбесі
Аудандық мәслихаттын 2006 жылғы 26 желтоқсандағы №2-29с шешіміне №4 қосымша 2007 жылға арналған эрбір ауылдық (селолық) округтердің бюджеттік бағдарламаларының тізбесі
Басқа 47. «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек» атты 451.007.000 бюджеттік бағдарламасы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік төлем жүргізу
Аудандық мәслихаттын 2006 жылғы 26 желтоқсандағы №2-29с шешіміне №4 қосымша «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек» атты 451.007.000 бюджеттік бағдарламасы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік төлем жүргізу