О проведении приписки граждан к призывному участку в городе Усть-Каменогорске в 2007 году Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Өскемен қаласында 2007 жылы азаматтарды шақыру учаскесінде есепке тіркеуді өткізу туралы Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Өскемен қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (А.Ж. Сарсенбинов) (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) заңмен белгіленген мерзімде 1990 жылы туған азаматтардың шақыру учаскесінде, сондай-ақ бұрын тізімге алынбағандардың тіркеуін өткізсін;
Тармақша 2
2) тәрбиелік және мәдени-көпшілік іс-шаралар, сондай-ақ әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеу туралы насихаттау-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылсын. "Өскемен қаласының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (А.А. Кузнецов) бірге әскери-оқу орындарына кандидаттарды іріктеу комиссиясын құрып, дене шынықтыру дайындығы мен білім деңгейін тексерсін;
Тармақша 3
3) шақыру учаскесіндегі тіркеу қорытындысы және Қазақстан Республикасы қарулы Күштеріне қызметке жастарды даярлау жоспарының орындалуы туралы 2007 жылы сәуірде ақпарат берсін.
Тармақ 2
2. Азаматтарды тіркеу жұмыстарын өткізу үшін төмендегі құрам бойынша комиссия құрылсын: Айдын Жақыпбеқұлы Сарсенбинов - комиссия төрағасы, қорғаныс істері жөніндегі басқарманың бастығы (келісім бойынша) Светлана Ивановна Ферхо - комиссия төрағасының орынбасары, қала әкімінің орынбасары Комиссия мүшелері: Батырбек Сейтқазыұлы Аяғанов - Өскемен қаласының ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары (келісім бойынша) Гүлмира Бақытбекқызы Тоқтағазина - дәрігер, медицина қызметкерлері құрамын басқарушы, медицина комиссиясының төрағасы (келісім бойынша) Татьяна Викторовна Турова - комиссия хатшысы (келісім бойынша)
Тармақ 3
3. "Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау департаментінің Өскемен қаласы бойынша бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Б.М. Абдрашева) (келісім бойынша) жасөспірімдерді зертханалық және флюорографиялық тексеруден өткізуін қамтамасыз ету, берілген нақты қаулының кестесіне сай шақырылатындарды стационарлық зерттеу үшін емханаларда қажетті төсек орнымен қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, оқу орындарының басшыларына, меншік түріне және бағыныштылығына тәуелсіз ер балаларды шақыру қағазында көрсетілген уақытта қажетті құжаттармен шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 5
5. "Өскемен қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Л.А. Анищенко) есепке тұруды ұйымдастыру мен өткізу қажеттілігі үшін қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасына бюджетпен бекітілген шекте қаржыландыруды жүргізу ұсынылсын.
Тармақ 6
6. "Өскемен қаласының ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (А.Ж. Қабылов) (келісім бойынша) есепке тіркеуге алынудан бас тартып жүрген тұлғаларды іздестіруге көмек көрсету ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.И. Ферхоға жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулы 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Келісілген: "Өскемен қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы "Өскемен қаласының ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы "Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау департаментінің Өскемен қаласы бойынша бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
Басқа 12. 2007 жылы Өскемен қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру учаскесіне тізімге алынатын азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу
Өскемен қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 1156 қаулысымен бекітілген 2007 жылы Өскемен қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру учаскесіне тізімге алынатын азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу КЕСТЕСІ № р/с Оқу орнының атауы саны Қаңтар Барлығы 2453 адам 8 9 10 11 12 15 16 17 18 19 22 23 1 № 25 орта мектеп 35 Х 2 № 2 орта мектеп 15 Х 3 № 7 орта мектеп 38 Х 4 № 6 орта мектеп 12 Х 5 № 8 орта мектеп 19 Х 6 № 11 гимназия мектебі 30 Х 7 № 4 орта мектеп 22 Х 8 № 32 орта мектеп 28 Х 9 № 9 орта мектеп 36 Х 10 № 38 орта мектеп 14 Х 11 № 10 орта мектеп 29 Х 12 № 34 лицей 18 Х 13 № 5 орта мектеп 17 Х 14 № 12 неміс гимназиясы 5 Х 15 № 13 орта мектеп 24 Х № р/с Оқу орнының атауы саны Қаңтар                Ақпан 17 18 19 22 23 24 25 26 29 30 31 1 2 16 № 14 орта мектеп 8 Х 17 № 15 орта мектеп 29 Х 18 "Восток" мектебі 13 Х 19 № 16 орта мектеп 26 Х 20 № 18 орта мектеп 22 Х 21 № 17 орта мектеп 42 Х 22 № 3 орта мектеп 46 Х 23 № 1 орта мектеп 34 Х 24 № 21 орта мектеп 10 Х 25 № 20 орта мектеп 43 Х 26 Физика-математикалық бірегей мектебі 2 Х 27 № 36 орта мектеп 46 Х 28 № 19 орта мектеп 19 Х 29 Спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты 30 Х 30 № 22 орта мектеп 33 Х 31 Крупскаяатындағы интернат 12 Х 32 № 23 орта мектеп 61 Х Х 33 № 26 орта мектеп 39 Х 34 № 24 орта мектеп 32 Х 35 № 45 орта мектеп 18 Х 36 № 27 орта мектеп 19 Х 37 № 29  орта мектеп 31 Х № р/с Оқу орнының аты саны Ақпан 5 6 7 8 9 12 13 14 15 16 19 20 21 22 38 № 39  орта мектеп 26 Х 39 Қазақстан-Ресей гимназиясы 24 Х 40 № 44 орта мектеп 26 Х 41 № 31 орта мектеп 23 Х 42 № 35 орта мектеп 38 Х 43 "Исток" жеке мектебі 5 Х 44 "Бриг" жеке мектебі 7 Х 45 № 42 орта мектеп 36 Х 46 Ново-Явленка орта мектебі 3 Х 47 Ахмер орта мектебі 11 Х 48 Меновной орта мектебі 14 Х 49 № 40  орта мектеп 34 Х 50 Жамбыл атындағы интернат 25 Х 51 № 43 орта мектеп 25 Х 52 № 37 орта мектеп 33 Х 53 Қаржы және экономика колледжі 14 Х 54 Қазақ-түрік лицей 25 Х 55 Арнаулы мектеп лицей интернаты 25 Х 56 № 1 кәсіптік мектебі 137 Х Х Х 57 ШҚ гуманитарлық колледжі 13 Х 58 № 2 кәсіптік мектебі 140 Х Х Х 59 Көлік және тіршілік әрекетін қамтамасыз ету колледжі 7 Х № р/с Оқу орнының атауы саны Ақпан              Наурыз 23 26 27 28 1 2 5 6 12 13 14 15 16 60 № 5 кәсіптік мектебі 81 Х Х 61 № 15 кәсіптік мектебі 19 Х 62 № 8 кәсіптік мектебі 49 Х 63 Кәсіптік дайындық және сервис колледжі 47 Х 64 К.Нұрғалиев атындағы колледжі 50 Х 65 Шығыс техникалық гуманитарлық колледжі 50 Х 66 ҚАЕУ колледжі 27 Х 67 Өнер колледжі 21 Х 68 ШҚМТУ колледжі 148 Х Х Х 69 Қаржы және экономика колледжі 82 Х Х 70 ШҚМУ колледжі 61 Х Х № р/с Оқу орнының атауы саны Наурыз 19 20 26 27 28 29 30 71 Политехниқалық колледжі 94 Х Х 72 Құқық және бизнес колледжі 30 Х 73 Профессор Рузутдиновтың стоматологиялық колледжі 20 Х 74 Заң колледжі 26 Х 75 Қамтылмаған жастар Х Х Х Қала әкімі аппаратының басшысы