Қарқаралы ауданы бойынша 2007 жылға кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрлері үшін объекті бірліктеріне тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшерін, аудан базарларында бір жолғы талонның бағасын және сыртқы (көрнекі) жарнамаларды орналастырғаны үшін төлемақы ставкаларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 373-ші, 391-ші 491-ші баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңының 6 бабына сәйкес және Қарқаралы ауданы бойынша салық комитеті 2007 жылға жасаған есептердің негізінде аудандық Мәслихаттың 29 – сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
Қарқаралы ауданы бойынша 2007 жылға кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрлері үшін объекті бірліктеріне тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшерін, аудан базарларында бір жолғы талонның бағасын және сыртқы (көрнекі) жарнамаларды орналастырғаны үшін төлемақы ставкаларын белгілеу туралы от 21.12.2006 г. № 29/166 (Қарқаралы ауданы бойынша 2007 жылға кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрлері үшін объекті бірліктеріне тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшерін, аудан базарларында бір жолғы талонның бағасын және сыртқы (көрнекі) жарнамаларды орналастырғаны үшін төлемақы ставкаларын белгілеу туралы)
1. Қарқаралы ауданы бойынша 2007 жылға кәсіпкерлік қызметінің кейбір түрлері үшін объекті бірліктеріне тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшері, аудан базарларында бір жолғы талонның бағасы және сыртқы (көрнекі) жарнамаларды орналастырғаны үшін бір айлық төлемақы ставкалары №1; №2; №3 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
Келісілді:
Қарқаралы ауданы бойынша
салық комитетінің төрағасы
Өтебаев Қайыржан Өтебайұлы
«20» 12 2006 жыл
Қарқаралы аудандық Мәслихатының
2006 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 29/166 шешіміне № 1 қосымша
Қарқаралы ауданында орналасқан салық салу объектілерінің бірлігіне салынатын салық ставкасының белгіленгшен көлемі*
Салық салу объектісінің атауы
2007 жылғы 1 объектіге салынатын тіркелген жиынтық салық ставкасы, айлық есептік көрсеткішпен
1
Ойын үстелі
2200
2
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ақшалай ұтысы бар ойын автоматы
50
3
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ақшалай ұтысы бар ойын автоматы (электрондық рулетканы қоспағанда)
80
4
Электрондық рулетка
100
5
Тотализатор кассасы
200
6
Букмерлік кеңсе кассасы
100
7
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы
10
8
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы
15
9
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютер
10
10
Ойын жолы
55
11
Карт
25
12
Бильярд үстелі
30
13
Лото ұйымдастырушы
80
*Тіркелген жиынтық салықтың ең төменгі және ең жоғарғы базалық ставкаларының мөлшері салық салу объектісінің бір бірлігіне, бір жылға бекітілген.
Қарқаралы аудандық Мәслихатының
2006 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 29/166 шешіміне № 2 қосымша
Кәсіпкерлік қызметтің түрлері бойынша бір жолғы талонның бағасы
№
Бір жолғы талон негізіндегі кәсіпкерлік әрекеттің түрлері
Бір жолғы талонның 1 күнгі бағасы
теңгемен 2007 жылға
1. Сату (стационарлық үй – жайда іскеасырылатын кәсіпті қоспағанда)
1). Газет пен журналдар
72
2). Тұқым сонымен қатар егу материалдары (ағаштар, көшеттер)
1028
3) Бақша дақылдары
41
4). Саяжай мен үй жанында өсірілген тірі гүлдер
1026
5). Үй жанындағы ауыл шаруашылығы, бау-бақша және саяжай учаскелерінің өнімдері.
134
2. Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді алып өткізу.
1). Жақын шет елден
1690
2). Алыс шет елден
1833
3. Жер учаскелерін өңдеу бойынша жеке тракторлар иелерінің қызмет көрсетулері.
1). Жер учаскелерін өңдеу бойынша жеке тракторлар иелерінің қызмет көрсетулері.
312
4. Жолаушылар мен жүктерді (лицензиялы тасымалдардан басқасы) тасымалдау бойынша жеке жеңіл және жүк автомобильдерді иелерінің қызмет көрсетулері
Жеке және жалға алған автомобильдерде жүк тасу
Жеке және жалға алған автомобильдерде жолаушыларды тасу
1). Қала ішіндегі тасымалдар, селолық округтер ішіндегі тасымалдар
259
155
2). Аудандық тасымалдар
351
195
3). Қалааралық тасымалдар
585
309
Қарқаралы ауданы базарларындағы бір жолғы талондар бағасы.
1 кв.м. мөлшері теңгемен
1). Азық түлік
19
2). Өндіріс тауарлары
30
Қарқаралы аудандық Мәслихатының
2006 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 29/166 шешіміне № 3 қосымша
Қарқаралы ауданы бойынша сыртқы (көрнекі) жарнамаларды орналастырғаны үшін бір айлық төлемақы ставкалары
Жарнама түрі
Өлшем бірлігі
Елді мекендерде
Жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының белдеуінде
Абсолюттік сомасы
Абсолюттік сомасы
1
Сыртқы (көрнекі) жарнама-көлемі 2 шаршы меирге дейін
теңге
1092
1092
2
Сыртқы (көрнекі) жарнама-көлемі 2,1-ден 5 шаршы метрге дейін
теңге
3276
3276
3
Сыртқы (көрнекі) жарнама-көлемі 5,1-ден 10 шаршы метрге дейін
теңге
4368
4368
4
Сыртқы (көрнекі) жарнама-көлемі 10,1-ден 20 шаршы метрге дейін
теңге
10920
10920
5
Сыртқы (көрнекі) жарнама-көлемі 20,1-ден 50 шаршы метрге дейін
теңге
15288
15288
6
Сыртқы (көрнекі) жарнама-көлемі 50,1-ден 100 шаршы метрге дейін
теңге
21840
21840
7
Дүңгіршіктер, дүкендер, жанар жағар май құю станцияларында, уақытша және кіші архитектуралық формадағы павильондарда
теңге
546
546