О ставках платы за загрязнение окружающей среды на 2007 год по Мангистауской области Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.11.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаны ластағаны үшін 2007 жылға арналған төлемдердің ставкалары туралы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 462-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 5-тармағына және "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаны ластағаны үшін 2007 жылға арналған төлемдердің ставкалары облыстағы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі өкілетті орган - Маңғыстау облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы жасаған есептеулердің негізінде бекітілсін (NN 1, 2 қосымшалар).
Тармақ 2
2. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 29 қарашадағы N 18/335 шешіміне 1-қосымша Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаны ластағаны үшін 2007 жылға арналған төлемдердің ставкалары N Көрсеткіштер Өлшем бірлігі (тонна) Нормативтік төлем (теңге) 1. Атмосфераға стационарлық көздерден шығарылған ластағыш заттар* Шартты белгілер 1477,0 2. Қоршаған ортаға төгілген ластағыш заттар: су нысандарына төгілген ластағыш заттар Шартты т. 21815,0 булану, сүзу алаңдарындағы төгінділер Шартты т. 9358,0 құрамдас бөлігі белгісіз ақпа сулар төгіндісі** м 3 28,0 3. Атмосфераға жылжымалы көздерден шығарылған ластағыш заттар: этильденбеген бензин үшін Физ.т. 507,0 дизельдік отын үшін Физ. Т. 406,0 сұйытылған газ Физ.т. 340,0 4. Өндірістік және тұтыну қалдықтарын полигондарға, рұқсат етілген күл-қоқыс үйінділері мен арнаулы бөлінген орындарға орналастыру: аса қауіпті қалдықтар - 1 сынып Физ.т. 12120,0 жоғары қауіпті қалдықтар - 2 сынып Физ.т. 6060,0 орташа қауіпті қалдықтар - 3 сынып Физ.т. 1515,0 қауіптілігі аз қалдықтар -  4 сынып Физ.т. 757,0 усыз қалдықтар -  5 сынып Физ.т. 378,0 5. Қайта өңдейтін технологиясы жоқ, қоршаған ортаға радиоактивті қалдықтарды орналастыру: трансуранды қалдықтар ГБК 1010,0 альфа-радиоактивті қалдықтар ГБК 505,0 бета-радиоактивті қалдықтар ГБК 50,0 ампульді (жабық) радиоактивті көздер*** ГБК 505,0 * - қоршаған ортаны басқару жүйелерінің ИСО 14001 стандартына сәйкес сертификатталған жылу электр станциялары және қазандықтарға ластағыш заттар үшін төлем төмендетілген - 0,12 коэффициенті қолданылады; ** - айыппұл санкциясын салу үшін төлем; *** - төлем ставкасы қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2006 жылдың 04 қазанында бекітілген "Қоршаған ортаны ластағаны үшін 2007 жылға арналған төлемдердің базалық ставкаларын бекіту туралы" N 295-П бұйрығынан , ҚР Әділет министрлігінде 01.11.06 ж. N 4443 болып тіркелген, алынған. Ескерту:"Қошқар Ата" қалдықтар қоймасының су деңгейін қалыпты ұстауға қолданылатын ақпа сулардың төгінділері үшін нөлдік ставка қолданылады.
Басқа 4
Облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 29 қарашадағы N 18/335 шешіміне 2-қосымша Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаны ластағаны үшін 2007 жылы мұнай-газ саласы кәсіпорындары төлейтін қосымша ставкалар N Көрсеткіштер Өлшем бірлігі (тонна) Нормативтік төлем (теңге) 1. Газ алауларын жағудан атмосфераға  ластағыш заттардың таралуы Шартты т. 27620, 0 2. Өндіріс қалдықтары мен қоқыстарды полигондарға, рұқсат етілген және арнайы бөлінген жерлерге орналастыру: бұрғылау жұмыстарының қалдықтары Физ. т. 3540,0 қара металл сынықтары Физ. т. 3540, 0 мазут төгіліп, топырақтың бүлінуі Физ. т. 7080,0 мұнай қалдықтары Физ. т. 14160,0 АСПО Физ. т. 28340,0 шикі мұнай Физ. т. 56640,0 шамалы радиоактивті қалдықтар Физ. т. 105500,0