О районном бюджете на 2007 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы
Тармақ 1
1. 1 Қосымшаға сәйкес 2007 жылға арналған аудандық бюджет келесі көлемдерде бекітілсін:
Тармақша 1
1) кірістер - 1141350 мың теңге; салық түсімдері бойынша - 136 085 мың теңге; салықтың емес түсімдер бойынша - 873 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 2 500 мың теңге; трансферттерден түсетін түсімдер бойынша - 1001892 мың теңге;
Тармақша 2
2) шығындар - 1141445мың теңге;
Тармақша 3
3) операциялық айырма - 95 мың теңге;
Тармақша 4
4) қаржылық активтермен операциялар бойынша айырма - 95 мың теңге; соның ішінде: каржылық активтерді сатып алу - 95 мың теңге мемлекеттің қаржылық активтердін сатудан түскен түсімдер - 95 мың теңге;
Тармақ 2
2. 2007 жылға арналған аудандық бюджеттің кipicтepi Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне сәйкес келесі салық түсімдері шотынан қалыптасатыны туралы белгіленсін: жекелеген табыс салығы; мулікке салық; жер салығы; көлік құралдарына салық; біртұтас жер салығы; акциздер; жер учаскелерін пайдалану үшін төлемдер; кәсіпкерлік icтi жургізу үшін алым; мемлекеттік баж.
Тармақ 3
3. Аудандық бюджеттің кipicтepi келесі салықтық емес түсімдерден қалыптасатыны туралы белгіленсін: мемлекеттік кәсіпорындардың таза кipicтep бөлінген тусімдер; мемлекеттік меншіктегі мүлікті жалдаудан кірістер; өзге де салықтық емес түсімдер.
Тармақ 4
4. Аудандық бюджеттің кipicтepi негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер шотынан қалыптасатыны туралы белгіленсін.
Тармақ 5
5. Аудандық бюджеттің кipicтepi мемлекеттің келесі каржылық активтерін сатудан түскен түсімдер шотынан қалыптасатыны туралы белгіленсін.
Тармақ 6
6. Ауданның бюджетіне облыстық бюджеттен берілетін 2007 жылға арналған 673316 мың теңге сомада субвенция көлемі қаралсын.
Тармақ 7
7. 2007 жылға арналған аудандық бюджетке республикалық бюджеттен арнайы ағымдағы трансферттер мемлекеттік қызметшілерге, мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілері емес қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне жалақы төлеуге 142 721 мың теңге қарастырылсын..
Тармақ 8
8. 7 қосымшаға сәйкес, 2007 жылға арналған аудандық бюджетке республикалық бюджеттен арнайы ағымдағы трансферттер Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған білімді дамыту Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға - 121 864 мың теңге, мемлекеттік басқару дeңгeйлepi арасындағы өкілеттікті шектеу шегінде тапсырылатын әкімшілік функцияларға 2345 мың теңге, соның ішінде: ауданның ауыл шаруашылық бөліміне - 663 мың теңге, жер қатынастары бөліміне - 1682 мың теңге, мүгедектерді міндетті гигиеналық құрал-жабдықтарды қамтамасыз етуге және ымдау мамандарының қызметін көрсетуге, мүгедектерді ақтау жеке бағдарламасына сәйкес жеке көмекшілердің қызметін көрсетуге - 1512 мың теңге, аз қамтамасыз етілген отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекеттік жәрдемақы төлеуге - 11621 мың теңге қарастырылсын.
Тармақ 9
9. 2007 жылға арналған аудандық бюджетке облыстық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттер әлеуметтік салыққа төлеу үшін 17636 мың теңге сомасында қарастырылсын.
Тармақ 10
10. 8 қосымшаға сәйкес, 2007 жылға арналған аудандық бюджетке облыстық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттер білім объектілерін күрделі жөндеу жүргізу, орта білім беру жүйесін ақпараттандыруға, ауданды сумен қамтамасыз етуге 25833 мың теңге сомасында қарастырылсын..
Тармақ 11
11. 2007 жылға арналған аудан бюджеттің шығыстарында ауылды жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету белгіленсін.
Тармақ 12
12. 2007 жылда мемлекеттік қызметшілерге, мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік емес қызметшілеріне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне толық көлемде жалақы төлеу қамтамасыз етілсін.
Тармақ 13
13. Ауылды жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт мамандарының лауазымды айлықақыларын (тарифтік мөлшерлемелерін) қалалы жағдайда осындай қызметпен айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда 25 пайызға көтеру сақталсын.
Тармақ 14
14. Атқарушы органның 2007 жылға арналған резерві 4262 мың теңге сомада бекітілсін, соның ішінде: қауырт шығындарға резерві - 4262 мың теңге.
Тармақ 15
15. 2 қосымшаға сәйкес қаржы салымдық жобалар мен бағдарламаларға бөлумен ауданның 2007 жылға арналған бюджетінің даму бюджеттік бағдарламасының тізбeci бекітлсін.
Тармақ 16
16. 3 қосымшаға сәйкес жергілікті бюджеттік бағдарламалар 2007 жылға қалған жергілікті бюджетті орындау барысында қысқартуға жатпайтыны туралы белгіленсін.
Тармақ 17
17. 4 қосымшаға сәйкес 2007 жылға арналған жергілікті бюджетте мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге қаралған қаражаттар шотынан аз қамтамасыз етілген отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына 4 148 мың теңге сомада мемлекеттік жәрдемақы төлеу қаралғаны ескерілсін.
Тармақ 18
18. 5 қосымшаға сәйкес «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жеке топтағы адамдарға әлеуметтік төлемдер» бойынша шығыстар түрлерінің тізбeci бекітілсін.
Тармақ 19
19. 6 қосымшаға сәйкес ауылдық (селолық) округтар бойынша бюджеттік бағдарламалар тізбесі бекітілсін.
Тармақ 20
20. Нағыз шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Салық комитетінің төрағасы (келісім бойынша) М. Оразбаев Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы (келісім бойынша) Г. Стороженко
Басқа 25. 2007 жылға арналған Есіл аудандық бюджет
2006 жылғы 25 желтоқсандағы Аудандық мәслихаттың № 213 шешіміне 1 Қосымша 2007 жылға арналған Есіл аудандық бюджет
Басқа 26. 2007 жылға арналған аудандық бюджеттің бюджетттік даму бағдарламаларының тізбесі
2006 жылғы 25 желтоқсандағы Аудандық мәслихаттың № 213 шешіміне 2 Қосымша 2007 жылға арналған аудандық бюджеттің бюджетттік даму бағдарламаларының тізбесі
Басқа 27. 2007 жылға арналған бюджеттің орындалуы барысында секвесірге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың Тізімі
2006 жылғы 25 желтоқсандағы Аудандық мәслихаттың № 213 шешіміне 3 Қосымша 2007 жылға арналған бюджеттің орындалуы барысында секвесірге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың Тізімі
Басқа 28. 2007 жылға арналған 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақыны енгізуге қажетті сомаларды бөлу
2006 жылғы 25 желтоқсандағы Аудандық мәслихаттың № 213 шешіміне 4 Қосымша 2007 жылға арналған 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақыны енгізуге қажетті сомаларды бөлу
Басқа 29. Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша жеке дәрежедегі азаматтарға әлеуметтік төлемдер бойынша шығыстар түрлерінің тізбесі
2006 жылғы 25 желтоқсандағы Аудандық мәслихаттың № 213 шешіміне 5 Қосымша Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша жеке дәрежедегі азаматтарға әлеуметтік төлемдер бойынша шығыстар түрлерінің тізбесі
Басқа 30. 2007 жылға арналған ауылдық (селолық округттар) бойынша бюджеттік бағдарламалардың тізімі
2006 жылғы 25 желтоқсандағы Аудандық мәслихаттың № 213 шешіміне 6 Қосымша 2007 жылға арналған ауылдық (селолық округттар) бойынша бюджеттік бағдарламалардың тізімі
Басқа 31. Есіл ауданы бойынша 2007 жылға арналған республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу
2006 жылғы 25 желтоқсандағы Аудандық мәслихаттың № 213 шешіміне 7 Қосымша Есіл ауданы бойынша 2007 жылға арналған республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу
Басқа 32. Есіл ауданы бойынша 2007 жылға арналған облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу
2006 жылғы 25 желтоқсандағы Аудандық мәслихаттың № 213 шешіміне 8 Қосымша Есіл ауданы бойынша 2007 жылға арналған облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу