Об определении целевых групп населения города Усть-Каменогорска на 2007 год Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылға Өскемен қаласы тұрғындарының мақсатты топтарын анықтау туралы Халықты жұмыспен қамту саясатын жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13), 14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабына, 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылға Өскемен қаласы бойынша тұрғындардың келесі мақсатты топтары анықталсын:
Тармақша 1
1) жасы жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
Тармақша 2
2) балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-анасының қамқорынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
Тармақша 3
3) кәмелеттік жасқа толмаған балаларды тәрбиелеуші, көп балалы, жалғыз басты ата-аналар;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасынмен бекітілген тәртіппен, үнемі күтімді, көмекті және қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдарды күтіп ұстайтын азаматтар;
Тармақша 5
5) елу жастан асқан азаматтар;
Тармақша 6
6) мүгедектер;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босатылған адамдар;
Тармақша 8
8) бас бостандығынан айыру орындарынан және (немесе) лажсыз емделуден босатылған адамдар;
Тармақша 9
9) оралмандар;
Тармақша 10
10) аз қамтылғандар;
Тармақша 11
11) ағымдағы жылы оқуды аяқтаған оқу орындарының жиырма сегіз жасқа дейінгі түлектері.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.