О районном бюджете Карабалыкского района на 2007 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарабалық ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы Қарабалық ауданы әкімдігінің қаулысын қарап, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Бюджеттік кодексінің 80-бабы 2-тармағына және 85-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қарабалық ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті мынадай көлемде 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін: 1) 717651 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 349624 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 3255 мың теңге; негізгі капиталды сатудан алынатын түсімдер - 7789 мың теңге; алынған ресми трансферттер - 356983 мың теңге, оның ішінде облыстық бюджеттен алынған субвенция бойынша - 196942 мың теңге; 2) шығындар - 717651 мың теңге;
Тармақ 2
2. Аудандық бюджеттің кірісіне есептелетін белгіленсін: облыстық мәслихатпен бекітілген, кірістерді тарату нормативтері бойынша жеке табыс салығы; облыстық мәслихатпен бекітілген, кірістерді тарату нормативтері бойынша әлеуметтік салығы; жеке тұлға, жеке кәсіпкер және заңды тұлғалардың мүлігіне салығы; жер салығы; бірыңғай жер салығы; жеке және заңды тұлғалардан көлік құралдарына салығы; акциздер: ойын бизнесіне; бензин (авиационныйды қоспағанда) және дизель отынына; табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімі; жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеуге жиыны; қызметтің басқа түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық жиыны; заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін жиыны; механикалық көлік құралдарын және тіркеулерді мемлекеттік тіркеу үшін жиыны; жылжымайтын мүлікке құқығын, онымен келісімін мемлекеттік тіркеу үшін жиыны; аудандық маңызы бар және елді мекендерде жалпы пайдаланылуға арналған автокөлік жолдарының бұру жолағындағы сыртқы (көрнекі) жарнамаларды орналастыру үшін төлемі; республикалық бюджетке есептелетін, консулдық жиын және мемлекеттік бажынан басқа мемлекеттік бажы; аудан әкімдігінің шешімі бойынша құрылған, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар таза кірісі бөлігінің түсімі; ауданның коммуналдық меншігіндегі мүлігін жалға беруден түсімдері; аудан бюджетінен қаржыландырылатын, мемлекеттік мекемелермен ұсынылатын, қызметтерді іске асырудан түсетін түсімдері; аудан бюджетіне басқа да салшықтық емес түсімдері; жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдері. Аудандық мемлекеттік меншігіне жататын, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерін аудандық бюджетке есептеледі.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге қарастырылатын аудандық бюджетте қаражат есебінен, табысы аз отбасынан 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге шығындар 13317 мың теңге сомасында, облыстық бюджеттен трансферттер есебінен - 12376 мың теңге, аудандық бюджет қаражаты есебінен - 941 мың теңге қарастырылғаны есепке алынсын.
Тармақ 4
4. 2007 жылға арналған аудандық бюджеттің кірістерінде облыстық бюджеттен мемлекеттік қызметшілеріне, мемлекеттік қызметшілер болып саналмайтын мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындары қызметкерлеріне еңбек ақысын көтеруге 96758 мың теңге сомасында мақсатты ағымды трансферттер қарастырылғаны есепке алынсын.
Тармақ 5
5. 2007 жылға арналған аудандық бюджетте селолық жерлерде жұмыс істегені үшін жиырма бес пайыз мөлшерінде еңбек ақысын арттыру төлеуі қарастырылсын.
Тармақ 6
6. 2007 жылға арналған аудандық бюджетте мақсатты ағымды трансферттер: білімге 7000 мың теңге сомасында; елді мекендерді көркейтуге және көріктендіруге 14000 мың теңге сомасында; автомобильдік жолдардың қызмет етуін қамтамасыз етуге 29907 мың теңге сомасында қарастырылғаны есепке алынсын.
Тармақ 7
7. Қарабалық ауданының 2007 жылға арналған жергілікті атқарушы органының резервінен 200 мың теңге сомасында, оның ішінде: шұғыл шығындарға - 100 мың теңге; табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін 100 мың теңге бекітілсін.
Тармақ 8
8. 2007 жылға арналған аудандық бюджетті орындау процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 9
9. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап іс-қимылға енеді.
Басқа 10