О районном бюджете Костанайского района на 2007 год Қолданыста
Басқа 0
Қостанай ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы
Қостанай ауданы әкімиятының 2006 жылғы 18 қарашадағы № 587 «Қостанай ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджетінің жобасы Қостанай аудандық мәслихатының қаралуына енгізу туралы» қаулысын қарап және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «2007 жылға арналған аудандық бюджет 1-қосымшаға сәйкес келесі көлемде бекітілсін:
Тармақша 1
1) кірістер бойынша 1555401 мың теңге, оның ішінде:
салық түсімдері 984943 мың теңге;
салыққа жатпайтын түсімдер 3155 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 11902 мың теңге;
ресми трансферттер 555401 мың теңге, оның ішінде:
дамуға арналған ағымдағы нысаналы трансферттер 247393 мың теңге, субвенциялар 308008 мың теңге;
Тармақша 2
2) шығындар 1550401 мың теңге;
Тармақша 3
3) операциялық сальдо 5000 мың теңге;
Тармақ 2
2. Аудандық бюджеттің кірісіне есептелетіні белгіленсін:
жергілікті маңызы бар жалпы пайдалануға арналған автокөлік жолдарының жолағындағы сыртқы (визуалды) жарнамаларды орналастырғаны үшін төлем;
коммуналдық меншікте болып табылатын мүлікті жалға беруден түсетін кірістер;
мемлекеттік меншіктен түсетін басқа да кірістер;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұсынатын қызметтерді іске асырудан түсетін түсімдер;
жергілікті бюджетке түсетін салыққа жатпайтын басқа да түсімдер;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер.
Тармақ 3
3. Ауданға субвенция көлемі 2007 жылға 308008 мың теңге мөлшерінде белгіленгені назарға алынсын.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлемінде қарастырылатын аудандық бюджет қаражатында тұрмыстары төмен отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге 29346 мың теңге сомасында шығындар көзделгені ескерілсін, оның ішінде республикалық бюджет қаражатынан 9697 мың теңге, аудан қаражатынан 19649 мың теңге.
Тармақ 5
5. 2007 жылға арналған аудандық бюджеттің кірісінде мемлекеттік қызметкерлерге, мемлекеттік қызметкерлерге жатпайтын мемлекеттік мекемелер қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындардың жұмысшыларына 161039 мың теңге сомасында облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін.
Тармақ 6
6. 2007 жылға аудандық бюджетте ауылдық жерлердегі жұмыскерлерге 25 пайыз мөлшерінде еңбек ақы төлемдерін көтеруге қаражат қарастырылсын.
Тармақ 7
7. 2007 жылға арналған аудандық бюджетте ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін:
- сумен жабдықтау және апару жүйесін дамытуға - 2739 мың теңге;
- автокөлік жолдарының қызмет етуін қамтамасыз етуге - 76657 мың теңге.
Тармақ 8
8. 2007 жылға арналған субвенция есептелгенде сумен жабдықтау жүйесін дамытуға 20799 мың теңге қаражат көзделгені ескерілсін.
Тармақ 9
9. 2007 жылға арналған Қостанай ауданы әкімдігінің резерві 5500 мың теңге сомасында бекітілсін, онын ішінде:
2007 жылға арналған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды және өзге де көзделмеген шығындарды жою үшін ауданның жергілікті атқарушы органының резерві 2500 мың теңге сомасында;
2007 жылға арналған көзделмеген шығындарға арналған ауданның жергілікті атқарушы органының резерві 3000 мың теңге сомасында.
Тармақ 10
10. 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген 2005-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білімін дамыту Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін 2006 жылға арналған аудандық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімінің негізінде бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін:
- жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердің кітапхана қорларын жаңарту үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер сатып алуға және жеткізуге 5500 мың теңге;
- материалдық-техникалық базаны нығайтуға (лингафондық кабинеттер жасауға) 5753 мың теңге;
- мектептерді күрделі жөндеуге 24000 теңге;
- физика химия биология кабинеттерінің жабдықтарын сатып алуға 7600 мың теңге.
Тармақ 11
11. 2007 жылға арналған аудандық бюджет шығындарында жаппай міндетті орта білім беру «Бастауыш, негізгі және орта мектептер, балабақшалар-мектептер» бағдарламасы бойынша шығындар ескерілсін.
Тармақ 12
12. 2007 жылға арналған аудандық бюджеттің бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі 2 - қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 13
13. 2007 жылға арналған аудандық бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 3 - қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 14
14. 2007 жылға арналған селолық округ, село, кентінің әкімі аппараттардын күтуге, балаларды мектепке және мектептен тегін тасуды ұйымдастыру, елді мекендердегі автокөлік жолдарын қызмет етуін қамтамасыз етуге және елді мекендерінің көшелерін жарықтандыруға, елді мекеннің тазалығын қамтамасыз етуге, елді мекендерін абаттандыру мен көгалдандыруға жұмсалатын шығындар 4 - қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 15
15. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Басқа 19
Басқа 20
Басқа 21
Басқа 22