Об утверждении перечня целевых групп населения на 2007 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.11.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылға халықтың нысаналы топтар тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабы 2 тармағына, 7 бабы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жұмыспен қамтуды қолдау үшін нысаналы топтарға кіретін адамдар тізбесі бекітілсін (қосымша беріледі).
Тармақ 2
2. «Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (У.А. Қоныспаев) нысаналы топтарға кіретін адамдарды жұмыспен қамту үшін шаралар ескерсін.
Тармақ 3
3. Әкімдіктің 2005 жылғы 2 желтоқсандағы № 352 «2006 жылға халықтың нысаналы топтар тізбесін бекіту туралы» қаулысының күші жойылған деп танылсын, Денисов ауданының әділет басқармасында 2005 жылғы 26 желтоқсанында № 9-8-24 болып тіркелген, аудандық «Наше время» газетінің 2006 жылғы 21 каңтардағы № 4 санында жарияланған.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М.Т. Мұратбековқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. Жұмыспен қамтуды қолдау үшін халықтың нысаналы топтарына кіретін адамдар ТІЗБЕСІ
Әкімдіктің 2006 жылғы 27 қарашадағы № 400 «2007 жылға халықтың нысаналы топтар тізбесін бекіту туралы» қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамтуды қолдау үшін халықтың нысаналы топтарына кіретін адамдар ТІЗБЕСІ
Тармақ 1
1. Аз қамтылған азаматтар.
Тармақ 2
2. 21 жасқа дейінгі жастар.
Тармақ 3
3. Балалар үйлердің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-аналар қамқорлығынсыз қалған балалар, 23 жаска дейін.
Тармақ 4
4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызбасты, көпбалалы ата-аналар.
Тармақ 5
5. Зейнеткерлікке шығу алдында жастағы адамдар (жасына карағанда зейнеткерлікке шығуға 2 жыл қалғандар).
Тармақ 6
6. Мүгедектер.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босатылған адамдар.
Тармақ 8
8. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар.
Тармақ 9
9. Оралмандар.
Тармақ 10
10. Көп уақыт жұмыс істемейтін адамдар (бір жыл және одан да көп).
Тармақ 11
11. Орта арнаулы және жоғары оку орындарын курстық даярлау бойынша бітірушІлер, 23 жасқа дейін.
Тармақ 12
12. Қарауында Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген тәртіппен тұрақты қарауға, көмекке және бақылауға муқтаж адамдары бар азаматтар.