Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов на 2007 год Қолданыста
Басқа 0
2007 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындар квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабы 5-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабы 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес әкімдік ҚАУЛЬІ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан бойынша қамтылған жұмыс орындар санынан үш пайыз көлемінде 150 жұмыс орынға мүгедектер үшін квота белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (У.А. Қоныспаев) квотаға сәйкес мүгедектердің жұмыс орындарға орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Әкімдіктің 2006 жылғы 24 сәуірдегі № 147 «2006 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындар квотасын белгілеу туралы» қаулысы жойылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М. Т. Мұратбековқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен қолданысқа енгізіледі.