Об утверждении Правил оказания жилищной помощи на 2007 год в городе Лисаковске Қолданыста
Басқа 0
Лисаков қаласындағы 2007 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына, "Лисаков қаласындағы 2007 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін Лисаков қалалық мәслихатының қарауына енгізу туралы" Лисаков қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 1263 қаулысына сәйкес, Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Лисаков қаласындағы 2007 жылға арналған тұрғын үй көмегін корсету Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау қалалық мәслихатының әлеуметтік-мәдени сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы Л.Н.Черноваға және қала әкімінің орынбасары В.В.Абоимоваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Лисаков қаласындағы 2007 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету ЕРЕЖЕСІ
Қалалық мәслихат сессиясының
«Лисаков қаласындағы 2007 жылға
арналған тұрғын үй көмегін көрсету
Ережесін бекіту туралы»
2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 323
шешімімен бекітілген
Лисаков қаласындағы 2007 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегі отбасыларына (азаматтарға) «Лисаков қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы төленетін тұрғын үй жәрдемақысы ретінде тұрғын жайды ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа), коммуналдық қызметтерді және қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтерін тұтынуға ақы төлеу үшін көрсетіледі.
Тарау 2. 2. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар
2. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар
Тармақ 2
2. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар табысы аз санасынан, Лисаков қаласының әкімшілік аумағында тұрақты тұратын және тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеу үшін шығындар шегіндегі үлесі отбасылардың (азаматтардың) жиынтық кірісі 25 пайыздан асатын пәтер иесілері немесе пайдаланушылар (жалдаушылар) болып табылатын отбасылар (азаматтар).
Тармақ 3
3. Жеке меншігінде біреуден артық үй-жайы бар немесе тұрғын үй-жайын жалға тапсырушы (жалға) отбасылар (азаматтарға), жағдай тууына байланысты Майлин селосынан, Красногор селосынан Лисаков қаласына көшіп келген отбасылардан (азаматтардан) басқа, тұрғын үй жәрдемақысы тағайындал - майды.
Бұл норма ата-аналарымен немесе балаларымен тұрып, тұрғын үйді жекешелендіруге қатысқан тұлғаларға және ерлі-зайыптылары арасында некені бұзған жағдайда да қолданылмайды.
Тармақ 4
4. Егер отбасында еңбекке қабілеті бар адам бола тұра, жұмыс істемейтін, күндізгі бөлімде оқымайтын, әскер қатарында болмаған және жұмыссыз ретінде әлеуметтік қорғау органында тіркелмеген тұлғалар болса, отбасы тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқығы жоқ.
Ескерту ретінде мынаны құрайды:
Тармақша 1
1) мүгедектерге (негіздеме - медициналық қортындысы) күтімді жүзеге асыратын тұлғалар, III топтағы мүгедек бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын тұлғалар;
Тармақша 2
2) медициналық көрсеткіштер бойынша 7 жасқа дейінгі балаларды күтуді жүзеге асыратын тұлғалар;
Тармақша 3
3) үш жасқа дейінгі балалары бар аналар, және жаңа туған қызды немесе ұлды асырап алған, Қазақстан Республикасының "Қазақстан республикасындағы еңбек туралы" Заңына сәйкес баланы күту бойынша еңбекақысы сақталмайтын демалысты ресімдеген әйел (ер кісі) немесе үш жасқа дейінгі балаларды күту бойынша олардың орнын ауыстыратын тұлғалар;
Тармақша 4
4) туберкулез диспансерінде стационарлық немесе амбулаториялық емдеуде ұзақ уақыт болған тұлғалар;
Тармақша 5
5) босқын мәртебесі бар тұлғалар, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар, Қазақстан Республикасында үнемі тұратын тұлғалар;
Тармақша 6
6) үш жасқа дейінгі балалары бар, және жұмыс істемеген, бала туғанға дейін әлеуметтік қамсыздандыру органында есепте тұрмаған әйелдер.
Тарау 3. 3. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау шарттары
3. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау шарттары
Тармақ 5
5. Тұрғын үй жәрдемақысын алу кезінде есепке көлем мөлшері қабылданады:
Тармақша 1
1) отбасының бір мүшесіне - 18 шаршы метр қосу 9 шаршы метр отбасына;
Тармақша 2
2) жалғыз басты тұратын азаматтарға - 18 шаршы метр қосу 9 шаршы метр, бірақ бір бөлмеден кем емес; осы мөлшер жатақхана үшін де қолданылады.
Жеке тұрған үйлердің тұрғындарына, "Лисаковқалакоммунэнерго" өндірістік шаруашылық бірлестігі мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының тұтынушыларына осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген тұрғын үй мөлшері есепке алынып тұрғын үй көмегі көрсетіледі.
Жәрдемақы тағайындау объектісі мөлшер көлем шегіндегі тұрғын үй жайын отбасы пайдаланатын және қаланың коммуналдық кәсіпорындарымен ұсынылатын нақты коммуналдық шығындары және қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақы тарифін көтеру сомасы болып табылады:
пәтерақысы (тұрғын үйді пайдалану шығындары);
жылу;
ыстық су, бір адам басына норма бойынша;
суық су, бір адам басына норма бойынша;
кәріз, бір адам басына норма бойынша;
лифт, бір адам басына норма бойынша;
электр куаты бір адам басына кемінде 50 киловатт; электр плитасы бар жатакханаларда және үйлерде кемінде 100 киловатт бір адам басына;
табиғи газды пайдалану кезінде бір адам басына газ және кемінде 6,7 кг адам басына газ балонын пайдалану кезінде;
телефон үшін абоненттік ақы, бекітілген төлеу кезінде тарифті көтеру сомасы мөлшерінде.
Аталмыш ережелермен белгіленген мөлшерден тыс тұргын үйді ұстау және коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтыну ақы төлемі жалпы негізде жүргізіледі.
Тармақ 6
6. 10236 теңгеден аспайтын жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау мақсатында үй-жайды ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға жіберілетін шығындар шегіндегі мөлшер 22 пайыз көлемінде қабылданады.
Тармақ 7
7. Демографиялық жағдайды назарға алып, 3 және одан көп балалары бар және олардың орташа жанға кірісі ең төмен күнкөріс деңгейден аспайтын отбасыларын әлеуметтік қорғау мақсатында, үй-жайды ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға жіберілетін шығындар шегіндегі мөлшер 22 пайыз көлемінде қабылданады.
Тармақ 8
8. Лисаков қаласының құрметті азаматтарына 5 - тармақта көрсетілген, көлем мөлшерін ескере отырып, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу сомасы толығымен орнын толтырады.
Тармақ 9
9. Өкілетті органдардың шешімі бойынша, отбасының біреуі баланың қорғаншысы болып табылатын, отбасыларына ата-анасының табысын есептемей жиынтық кірісті есептеп шығарылады.
Тарау 4. 4. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау үшін әлеуметтік қамсыздандыру органына азаматтардың өтініш беру және осы үшін деректер банкісін қалыптастыру тәртібі
4. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау үшін әлеуметтік қамсыздандыру органына азаматтардың өтініш беру және осы үшін деректер банкісін қалыптастыру тәртібі
Тармақ 10
10. Тұрғын үй жәрдемақысын алу үшін талапкер әлеуметтік қамсыздандыру органына мына құжаттарды ұсынуға тиіс:
тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы өтініш (аталмыш Ережеге қосымша);
жұмыс істеуші азамат - өткен тоқсанға жалақысы туралы анықтаманы;
неке қию немесе некені бұзу туралы куәлік, немесе некені бұзу туралы соттың шешімі;
жылжымайтын мүліктің бар болуы туралы анықтаманы, жылында 1 рет;
азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
зейнетақы куәлігінің көшірмесі.
Тармақ 11
11. Қалада ақпаратпен электронды айырбас жүйесін жасалуына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру органына мыналар ұсьшылады:
«Лисаков қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен - жұмыссыз ретінде әлеуметтік қамсыздандыру органдарында тіркелген адамдар туралы мәліметтер және материалдық көмек көрсетілген сомалар;
«Қостанай облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Лисаков филиалымен - бірінші, екінші топтағы мүгедектер, сексеннен асқан және денсаулық жағдайы туралы дәрігердің қортындысы бар зейнеткерлерге жылжымайтын мүлік болуы туралы мәліметтер;
«Лисаков қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен - аз қамтылған отбасылардың оқушыларына және мектепке дейінгі балаларға көмек көрсету туралы мәліметтер;
қаланың коммуналдық қызметтері, пәтер иелерінің кооперативтерімен - төленген коммуналдық төлемдер, эксплуатациялық шығындар және лифт пайдалану үшін шығындар туралы мәліметтер - ай сайын.
Тармақ 12
12. Азаматтар тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы өтінішпен әлеуметтік қамсыздандыру органдарына тоқсан сайын өтініш жолдайды.
Себепсіз жағдайлармен тоқсан ішінде қайта тіркелмеген тұлғалар, тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқықты жоғалтады.
Тұрғын үй көмегін тағайындау кезеңінде отбасы құрамындағы өзгерту туралы 10 күн ішінде хабар бермеген тұлғаларға тоқтатылады.
Тарау 5. 5. Тұрғын үй жәрдемақыларын есептеу тәртібі
5. Тұрғын үй жәрдемақыларын есептеу тәртібі
Тармақ 13
13. Тұрғын үй жәрдемақысын төлеу кезінде есепке өткен тоқсанның табысы қабылданады.
Тармақ 14
14. Тұрғын үй жәрдемақысы толығымен ағымдағы тоқсанға тағайындалады. Азаматтардан арыз тоқсан ішінде қабылданады.
Тармақ 15
15. Бірінші рет өтініш еткен азаматтарға өтініш еткен айдан бастап тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалады, басқа жердей көшіп келген он сегіз жастан асқан тұлғаларға бұрынғы орнынан тұрғын үй жоқтығы туралы мәлімет беруге тиіс.
Тармақ 16
16. Тұрғын үй жәрдемақысының мөлшері осы Ереженің 5-тармағымен белгіленген аудан мөлшері шекті және осы мақсатқа Ереженің 7, 8- тармақтарында көзделген аталмыш отбасының табыстың мүмкін болатын Деңгейі шекті тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға нақты төлемі арасындағы айырмашылық түрінде анықталады.
Тармақ 17
17. Тұрғын үй жәрдемакысын есептелгенде отбасының (азаматтардың) шаруашылық және саяжай учаскесінің табыстары алынбайды.
Тармақ 18
18. Тұрғын үй жәрдемақысын төлеу кезінде қабылданатын табыстар туралы жорта күмән келтіретін ақпарат берген жағдайда, өтініш беруші күнтізбе жылының ішінде жәрдемақы алу құқығын жоғалтады.
Артық төленген сомалар ерікті жолымен қайтарылады, бас тарту жағдайында - сот тәртібімен.
Тарау 6. 6. Тұрғын үй жәрдемақыларын төлеу тетігі
6. Тұрғын үй жәрдемақыларын төлеу тетігі
Тармақ 19
19. «Лисаков қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй жәрдемақысының жиынтық тізімдемесін құрады, ол «Лисаков қаласының экономика және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ұсынылады.
Тармақ 20
20. «Лисаков қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі төленген тұрғын үй жәрдемақысының жиынтық тізімдемесінде көрсетілген сомада «Лисаков қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесін қаржыландырады.
Тармақ 21
21. «Лисаков қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жәрдемақы алушылардың жазбаша өтініші бойынша тұрғын үй жәрдемақысының сомалары коммуналдық кәсіпорны мен пәтер иелерінің кооперативтеріне ау дары лады.
Телефон үшін абоненттік ақы тарифінің көтеру жәрдемақысы екінші деңгейдегі банктерде алушылардың жеке шотына аударылады.
Тармақ 22
22. Коммуналдық және пайдаланушы қызмет көрсетулердің, лифттерді пайдалану үшін қызметінің жеткізушілері түскен соманы жәрдемақы алушының жеке шоттарына аударады.
Тарау 7. 7. Ерекше шарттар
7. Ерекше шарттар
Тармақ 23
23. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау бойынша қолайсыз жағдай туған кезде дау және талас жағдайларды қарау қала әкімімен құрылған, комиссиясының шешімін қабылдау үшін мәселе енгізіледі.
Лисаков қаласындағы 2007 жылға
арналған тұрғын үй көмегін
көрсету Ережесіне
қосымша
«Лисаков қаласының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
ММ бастығы
_____________________________________
ӨТІНІШ
200___ ж. ____ тоқсанына менің отбасыма үйді ұстап тұру және тұтынатын
коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығындарды өтеу үшін тұрғын үй көмегін есептеуді сұраймын.
Отбасым, егелеп түрған пәтерім туралы келесі мәлімет беремін:
1. Негізгі үй иесінің, жалдаушының Т.А.Ж. ___________________________
Куәліктің № __________ «____» _____________ ж.г. ҚР ИМ (ҚР ӘМ) берілген
2. Мекен жайы: ___________________________________________________
3. Телефон. Үйдегі _________________ Жұмыстағы ______________________
4. Пәтер _____ бөлмелі, көлемі _____ ш.м ____ қабатты уйді ______ қабатында.
5. Үйдің түрі: жекешеленген, мемлекеттік, басқа ____________ № _____ ____ ж.
6. Отбасы құрамы, табысы.
№
Отбасы мүшелерінің Т.А.Ж.
СТН
Табыстың түрі.
Сомасы
1
2
3
4
5
7. Басқада үйім бар, үйіді (пәтерді) жалға беремін ______________________
(иә, жоқ. )
8. Құнды қағаздардан дивиденттер ___________________________________
(иә, жоқ)
9. Банктегі салымдар пайызы ________________________________________
(иә, жоқ.)
10. Жылжымайтын мүлікті жалға беруден тускен табыс
(пәтер, көлікжай, саяжай) ___________________________________________
Мен және менің отбасым біле тұра заңсыз тұрғын үй жәрдемақысын алуга ықпал еткен күмәнді мәліметтерді бергенім үшін Қазақстан республикасы заңдары актілеріне сәйкес жауапкершіліктіміз.
Отбасы өкілі _____________________________________________________
«______» _______________200__ ж.
ШЕШІМ
1. ________________________________________________________ отбасына
мекен жайы __________________________________________ тұрғын үй көмегі
тағайындалсын (тағайындалмасын) 200___ ж. ____ айынана отбасы табысының
25 (22) % есебінен _________ теңге.
2. Тұрғын үй көмегі тағайындалмаудың себебі
_________________________________________________________________
Орындаушы ______________________________________________________
(Т.А.Ж. қолы, лауазымы)
«____» ___________ 200___ ж.