«О районном бюджете на 2007 год» Қолданыста
Басқа 0
«2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы»
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548-ІІ Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңына, «2007 жылға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 27/2 шешіміне сәйкес аудандық мәслихаттың сессиясы ШЕШТI:
2007 жылға арналған аудандық бюджет 1 қосымшаға сәйкес мына көлемдерде бекітілсін:
Тармақша 1
1) кipicтep -1378013 мың теңге
соның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша -129722 мың теңге
салықтық тыс түсімдер бойынша -2410 мың теңге
негізгі капиталды сатудан түсімдер бойынша -3430 мың теңге
ресми трансферттерден түсімдер бойынша - 1242451 мың теңге
Тармақша 2
2) шығындар -1378013 мың теңге
Тармақша 3
3) таза бюджеттік кредиттеу:
бюджеттік кредиттер -0
Тармақ 2
2. 2007 жылға арналған аудандық бюджет кipicтepi мына салықтық түсімдер есебінен қалыптасатыны белгіленсін:
төлем көздерінен алынатын кipicтердің жеке табыс салығынан;
төлем көздерінен алынбайтын кірістердің жеке табыс салығынан;
қызметтерін бip реттік талондар бойынша жүзеге асыратын жеке тұлғалардың жеке табыс салығынан;
заңды тұлга және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салықтан;
жеке тұлғалардың мүлкіне салықтан;
жер салығынан;
көлік құралдарына салықтан;
бірыңғай жер салығынан;
республикалық бюджетке түсетін акциздерден баска акциздерден;
жер телімдерін пайдаланғаны үшін төлемнен; кәсіпқойлық және кәсіби қызмет жүргізгені үшін алымнан;
республикалық бюджетке түсетін мемлекеттік баждан басқа мемлекеттік баждан.
Тармақ 3
3. Аудандық бюджет кipicтepi салыққа жатпайтын мына түсімдер есебінен қалыптасатыны белгіленсін:
коммуналдық меншікте тұрған мүлікті жалға алудан түсімдерден; жергілікті бюджетке түсетін өзге салықтан тыс түсімдерден.
Тармақ 4
4. Аудандық бюджет түсімдері негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер есебінен қалыптасатыны белгіленсін:
жер телімдерін сатудан түсімдерден.
Тармақ 5
5. Ауданның жергілікті атқарушы органының 2007 жылға арналған резерві 4198 мың теңге сомасында бекітілсін, соның ішінде:
төтенше резерв - 1600 мың теңге;
шұғыл шығындарға арналған резерв - 2598 мың теңге.
Тармақ 6
6. 2007 жылға арналған аудандық бюджет шығыстарында мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік қызметші болып табылмайтын мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің және қазыналық кәсіпорын қызметкерлерінің жалақыларын 200834 мың теңге сомаға ұлғайтуға нысаналы ағымдағы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін.
Тармақ 7
7. 2007 жылға арналған аудандық бюджет шығыстарында мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік кызметші болып табылмайтын мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің және қазыналық кәсіпорын қызметкерлері жалақыларының жоғарлауына байланысты әлеуметтік салық бойынша аударуларға ассигнованиялар 25383 мың теңге сомасында нысаналы ағымдағы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін.
Тармақ 8
8. 2007 жылға арналған аудандық бюджет шығыстарында ауылды жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет мамандарына отын алуга әлеуметтік көмек көрсету үшін төлемдер қарастырылатыны белгіленсін.
Тармақ 9
9. 2007 жылы мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік кызметші болып табылмайтын мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің және қазыналық кәсіпорын қызметкерлерінің жалақыларын толық көлемде төлеу қамтамасыз етілсін.
Тармақ 10
10. Ауылды жерлерде жұмыс істейтін және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына лауазымдық жалақыларын (тарифтік ставкаларын) осы қызмет түрлерімен қалалы жерлерде айналысатын мамандар ставкаларымен салыстырғанда 25 процентке ұлғайту сақталсын.
Тармақ 11
11. 2007 жылға арналған аудандық бюджетте аз қамтамасыз етілген отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына балалар, жәрдемақысын төлеуге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге қарастырылған қаражат есебінен 26746 мың теңге сомасында шығындар қарастырылсын.
Тармақ 12
12. 2007 жылға арналған аудандық бюджеттің бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі бюджеттік инвестициялық жобалар мен бағдарламаларға бөлінуімен 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 13
13. 2007 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалу барысында секвестерге жатпайтын аудандық бюджет бағдарламаларының тізбeci 3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 14
14. Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж болған жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмектің 2007 жылға арналған бюджеттік бағдарламасы 4 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 15
15. «Мүгедектерді жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мұқтаж болған мүгедектерді арнайы гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету және ым-қимыл мамандарының кызметтерін ұсыну, жеке көмекшілер беру» бюджеттік бағдарламасы 5 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 16
16. 2007 жылға арналған аудандық бюджет шығыстарында электронды үкімет шеңберінде адами капиталды дамытуға асигнованиялар ескерілсін.
Тармақ 17
17. Аудандық мәслихат сессиясының шешімі ресми жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.
Басқа 20. Жамбыл ауданының 2007 жылғы бюджеті
Аудандық мәслихат сессиясының
2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 2/35 шешіміне
№ 1 қосымша
Жамбыл ауданының 2007 жылғы бюджеті
Басқа 21. Бюджеттік инвестициялық жобаға және 2007 жылға арналған аудандық бюджеттің бағдарламасына бөлінетін бюджеттік даму бағдарламалардың тізімі
Аудандық мәслихат сессиясының
2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 2/35 шешіміне
№ 2 қосымша
Бюджеттік инвестициялық жобаға және 2007 жылға арналған аудандық бюджеттің бағдарламасына бөлінетін бюджеттік даму бағдарламалардың тізімі
Басқа 22. 2007 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылу барысында секвестерлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалар тізбесі
Аудандық мәслихат сессиясының
2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 2/35 шешіміне
№ 3 қосымша
2007 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылу барысында секвестерлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалар тізбесі
Басқа 23. Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша азаматтардың жеке санаттарына берілетін әлеуметтік көмек - 451007000 бағдарлама
Аудандық мәслихат сессиясының
2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 2/35 шешіміне
№ 4 қосымша
Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша азаматтардың жеке санаттарына берілетін әлеуметтік көмек - 451007000 бағдарлама
Басқа 24. «Мугедектерді жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мұқтаж болған мүгедектерді арнайы гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету және ым-қимыл мамандарының кызметтерін ұсыну, жеке көмекшілер беру» 451017011 бағдарлама бойынша облыстық бюджеттен алынатын нысаналы ағымдағы трансферттердің сомасын бөлу
Аудандық мәслихат сессиясының
2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 2/35 шешіміне
№ 5 қосымша
«Мугедектерді жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мұқтаж болған мүгедектерді арнайы гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету және ым-қимыл мамандарының кызметтерін ұсыну, жеке көмекшілер беру» 451017011 бағдарлама бойынша облыстық бюджеттен алынатын нысаналы ағымдағы трансферттердің сомасын бөлу